Түсіпбаева бір шалмен вальс билегенді армандап жүргенін айтты

Опубликовано:

Әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева емхағана түскеннен кейінгі жазбасында өмір мен өлім туралы ойымен бөлісті.

Түсіпбаева немересінің тойында бір шалмен вальс билеп, көз жұмса арманы жоқтығын желі парақшасында жазған.

"Мен үшін алаңдап, көптен бері хабарласпай кеткен таныстарға, ауыр мінезіме түсінікпен қарайтын жанымда жүретін жандарға да мың алғыс. Өнер жолы ауыр. Өнер - дода! Өнер - бәйге! Сондықтан, әрине қатардан қалғың келмей шабасың. Қайда жүрсек те, аман болайық, достар! Мен немеремнің тойында бір шалмен вальс билеп, екінші күні көз жұмсам арман жоқ", - деп жазған әнші емханадағы фотосымен бөлісті.

Актрисаның мұндай көңілсіз жазбасына үйренбеген желі қолданушылары әншіге еңсесін түсірмеуге кеңес берді.

"Қазір-ақ жақсы болып кетесің ғой. Немерең түгілі, шөбереңнің тойын көресің. Құдай соған жазсын. Мынадай таусылған түріңді көрген жаман екен, сенен күнде позитивті жазба көріп үйреніп қалған едік. Тезірек жазылып кет", - деп жазған пікір қалдырушылардың бірі.

Еске салсақ, бұған дейін әншінің емханаға түскені туралы хабарлаған болатынбыз.

Тағы оқыңыздар:

Бейбіт Атамқұлов ОҚО-дағы жетім балаларды грантқа түсірді

Бердібек Сапарбаев қоластындағыларды нәжіс иіскеуге мәжбүрледі (фото)

Ақтөбе облысында әкімнің жеті жасар немере інісін тәтесі буындырып өлтірген болуы мүмін

Моңғолия қазақтары Мәсімовке ат мінгізіп, шапан жапты (фото)

Моңғолияға барған Мәсімов күтпеген жерден қазақша сөйлеп кетті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1189376-tusipbaeva-bir-shalmen-vals-bilegend/