Аружан Жазылбекованың "ұятсыз биі" табынушыларының ашуын келтірді (фото, видео)

Опубликовано:

Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова өз табынушыларын Рианнаның әніне билеп қуантпақ болды. Алайда желі қолданушыларына актрисаның бұл биі ұнамай қалған сыңайлы.

Бойжеткен өз Instagram парақшасында билеп тұрған сәтінен видео-коллаж жариялаған. Желі қолданушылары тарихи фильмдерде аяулы ана, асыл жардың рөлін сомдаған бойжеткеннен мұндайды күтпегендіктерін айтып, актрисаның биіне "ұятсыз" деген баға берген.

Актриса бұл оғаш биімен талайдың ашуын келтіріпті.

"Қазақ қызына тән емес", "Не деген көргенсіздік! Мұны желіге жүктеудің не қажеті бар?!", "Шынымды айтсам күтпедім. Ары қарай не болады екен?!", - деп сын пікірлерін жаудырды табынушылары.

Дегенмен, бұл биде тұрған ештеңе жоқ дегендер де баршылық.

Тағы оқыңыздар:

Сағынтаев ЭКСПО кезінде лаңкестер жарылыс жасауы мүмкін деп шошытты

Осымен үшінші рет қазақ баласы Риода Қытайдың намысын қорғайды

Даниал Ахметов ШҚО-да 40 млн теңгеге шыны саркофаг салдырмақшы

Ақтөбе облысында әйел героинді жыныс мүшесіне жасырып, Қостанайға өтпекші болды

Бейжің Олимпиадасына қатысқан тағы 6 қазақстандық допинг күдігіне ілінді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1190156-aruzhan-zhazylbekovanynh-uyatsyz-bii-tab/