Бағлан Әбдірайымов су жаңа көлігімен мақтанды

Опубликовано:

"Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов су жаңа көлік алғанын айтып, желіде темір тұлпарының фотосын жария етті.

"Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов табынушыларына су жаңа көлігін көрсетіп, сүйінші сұрады. Әншінің бұл көлікке деген махаббаты зор болғаны соншалық, одан бас тарта алмаған екен.

"Бір-бірімізді таптық. Одан бас тарта алмадым", - деп жазған әнші BMW көлігінің фотосын жүктеген.

Пікір қалдырушылар болса, әншінің тұлпары өзі секілді керемет екенін айтып, ақ тілектерін жаудырды. Ал кей пікір қалдырушылар әншінің фотода Роналдуға ұқсап қалғанын айтқан.

Әбдірайымовтың сүйінші сұрағанын мақтаншақтыққа балағандар да баршылық.

Тағы оқыңыздар:

Ниццадағы терактіден 80-ге жуық адам қаза тапты (фото, видео)

Шымкенттіктер Ресей азаматын төрт жыл бойы құлдықта ұстаған

Астана әуежайында қарапайым халықпен бірге рейсін күтіп тұрған Исекешев жұртты таңырқатты (фото)

Беларусь пен Ресей шекарасында тұрған Қазақстанның жүзден астам жүргізушісі 10-шы тәулік аш отыр

Литва соты Әблязовтің балдызын Қазақстан мен Украинаға бермейтін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1190304-baghlan-abdirayymov-su-zhanha-koligimen/