Алмас Кішкенбаев өзінің әйел кейпіндегі суретін көргенде таң қалмаған (фото)

Опубликовано:

Ғаламторда белгісіз біреулер Алмас Кішкенбаевтың намысына тиетін суретін жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Хейтерлер Кішкенбаевтың атақ-абыройына қарамастан, оның түр-әлпетін әйел адамға тән етіп, фотошоп арқылы төсін жарқыратып, әйел кейпіндегі образын жасаған.

Әншінің иығына айдаһар татуировкасын салып, бетін де кәсіби макияжбен бояп, ерекше шаш үлгісін жасап берген бәз біреулер эстрада жұлдызын осылай келемеждепті.

Бұл сурет ғаламторға шыға салысымен жүздеген пікір мен мыңдаған лүпіл жинап үлгерді. Ал Кішкенбаев болса, әлгі сурет туралы тым байсалды жауап берді.

"Мен ол суретке мүлде ренжімеймін, себебі танымал әнші ретінде сахнада жүріп, елдің назарында болғандықтан маған жасалып жатқан бірінші қастандық емес. Біздің эстрадамызда жүрген әншілердің барлығы дерлік осындай мазақ пен түрлі сынның астында қалып жатады. Ал бұл суретке келетін болсақ, жасаған адамның сана сезімінің жеткен жері осы болғаны. Мұның барлығы үйдегі тәрбиеге байланысты. Бұл сурет кеше ғана шыққан жоқ, ғаламторда бұрыннан жүр. Менің қазір ақылсыздармен соттасып жүретін уақытым жоқ", - дейді әнші Алмас Кішкенбаев.

Тағы да оқыңыздар:

Мектепте "ботаник" атанып, бай болуды армандаған Әбдірахымов қалай әкім болды? (фото)

Стамбул қазағы: Ердоған дінге рұқсат беріп отыр, сондықтан оны қолдайтындар көп

Танымал суретші қыздардың күйеуге қыз күйінде тиюі керектігін ескертті

Нұрлан Ноғаев теп-тегіс жерге пандус салып қойғандарды мисыз деп атады (видео)

ОҚО-дағы арнайы операция барысында пара алған 15 полицей тұтқындалды

Фредди Роуч: Головкин кіші Юбенкті өлтіріп қоюы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1192376-almas-kishkenbaev-ozininh-ayel-keypind/