Танымал жүргізуші қыздарға армандаған жігіттің жолықпайтынын айтты

Опубликовано:

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы махаббатын жолықтыра алмай жүрген қыздарға кеңес берді.

Бұл туралы Массагет жазады.

"Нағыз қазақ жігітінің қандай болуы керек екенін әрбір қазақ қызы қалыптасып қалған стереотиптермен сипаттағысы келетін шығар. Бірақ мен одан бас тартқым келеді. Тура арманыңдағыдай жігіт еш уақытта жолықпайтынымен немесе сенің ойыңнан толықтай шығатын адамның кездеспейтінімен келісуіміз керек.  Батырлар жырындағы жігіттердің сипатын, бейнесін қазіргі жігіттерден таба қоймаспыз.  Бұл сөзіммен қазіргі жігіттердің бәрі жаман дегім келмейді. Жігіттің жамандығын жасырып, жақсылығын асыру біздің – арулардың қолында. Сондықтан, нағыз қазақ жігітін қолдан жасап алу тек қана қыздарымыздың мойнында екенін естен шығармауымыз керек деген пікірдемін", - деді тележүргізуші.

Екі баланың анасы Ләйлә жақында өзінің "Менің екінші кітабым" атты автобиографиясын жарыққа шығарды.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда тағы бір полиция қызметкері көз жұмды

Ердоған: Егер 15 минут кешіккенде, мені өлтіріп кететін еді

Алматыда оқ жаудырған қаскөй судья мен прокурорларды өлтіруді көздеген

Өзбек шенеуніктері Шахзоданың әнін түкке тұрғысыз деп атады

Шымкенттің бас құрылысшысы 170 млн теңгені жымқырып кеткен

Атышулы 91 тобы тыңдармандарын өздері секілді киіндірмекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1194901-tanymal-zhurgizushi-qyzdargha-armandagh/