Күйеуімен ұрысудан шаршаған Айгүл Бабаеваның қызы 13 келі салмақ тастаған

Опубликовано:

Әнші Айгүл Бабаеваның қызы жолдасының көңілінен шығу үшін пластикалық ота жасатты деп хабарлайды stan.kz-ке сілтеме жаса NUR.KZ.

"Күйеуіммен салмақ тақырыбында айтылатын ұрысымыздың барлығы "Мен сенің қысқа белдемше киіп, кеудеңді ашып жүргеніңді қалаймын. Сен келе жатқан кезде жігіттердің сілекейі шұбырып тұрып маған қызғанышпен қараса екен деймін" - деген сөздерімен аяқталады" , – дейді Алисса Бржставицкая.

Әншінің үлкен қызы Алисса Бржставицкая жүктіліктен соң 67 кг салмақ қосып алған. Ол сүйіктісімен артық салмақ үшін ренжісе бергендіктен, дәрігерлердің қарауында болып, пластикалық ота жасатуды құп көрген.

Қазіргі таңда журналистика саласында жүрген Алиссаның мектеп кезіндегі сүйікті асы тәтті бәліштер мен бал қосылған тоқаш болған екен.

"Дәрігердің алдына келіп, жерге отырып алып жыладым. Былтыр 53 кг салмақтан арылсам да, ішім сол күйінде қалып қойған еді. Данияр Қайратұлы тексерістен кейін бұлшық еттерімнің созылып кеткенін айтты. Бұл семіздік пен іштен жарып баланы алу салдарынан болды. Бұдан кейін қанша жерден спортпен айналыссаң да, қалпына келмейді. Алайда, дәрігер пластикалық отаның көмегімен бұдан арылуға көмектесті. Шамамен денемнен 6 литр сұйық май алып, 13 кг салмақ жоғалтуыма себепші болды. Алғашқы екі аптада еш жерің ауырмаса да, жүруден қорқатын боласың. Бойыңды тік ұстасаң, тіккен жерлер сетінеп кететіндей көрінеді. Бірақ уақыт өте келе ота жасатқаныңды ұмытып та кетесің" – дейді Алисса.

Тағы да оқыңыздар:

Шымкенттік келіншек күтпеген жерден той үстінде босанып қалды

Алматыда қаза тапқан полицейдің артында аяғы ауыр әйелі қалды

Қазақстанға танымал спортшы айықпас дерттен көз жұмды

Еліміздегі қыздардың көпшілігі 15 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түсетін болып шықты

Ел аймақтарында аяқ астынан қант бағасы қымбаттап кетті

Атыраулықтардың бар ақшасы өзбек жұмысшыларының қалтасында кетіп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1195530-kuyeuimen-urysudan-sharshaghan-aygul-ba/