40 жастағы Мейрамбек Беспаев магистр атанбақшы

Опубликовано:

Әнші Мейрамбек Беспаев биыл магистратураға тапсыратынын айтты деп жазады Stan.kz.

Қазақстандық көптеген жұлдыздар әншіліктен бөлек бизнес ашып, өздерінің жеке кәсіптерін қолға алған. Бұдан өзге әншілер ЖОО қабырғасында білім алып, магистратураға түсуді жөн көрген. Олардың қатарында Айқын Төлепберген мен Мейрамбек Беспаев бар.

"Адам білімге ұмтылуды, ізденісті ешқашан тоқтатпауы керек. Биыл еліміздегі Бас жоғары оқу орындарының бірі, жақында ғана жиырма жылдық мерейтойын өткізген Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасына тапсырып көрмекпіз. Осы университетке оқуға түсуге үміткер барша жастарға сәттілік тілеймін!", – дейді Мейрамбек Беспаев.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасты.

Тағы оқыңыздар:

Қос аяқтарынан айырылған қызылордалық жұбайлар өз кәсіптерін қалай өрге домалатып отыр? (видео)

Адвокат: Алматыны дүрліктірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Шенділер енді қарапайым халыққа байқамай «сен» деп сөйлесе, сотталып кетуі мүмкін

Есепті "шемішкеше шағатын" Шөкеевтің біз білмейтін қырлары қандай? (фото)

Алматыда полицейлерді қырып салған лаңкестің әйелі елден кешірім сұрады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1197011-40-zhastaghy-meyrambek-bespaev-magistr/