Отандық әнші байқаудан жеңіп алған ақшасына үйленгелі жатыр

Опубликовано:

Қазақстандық әнші Adam  «Славян базары-2016» халықаралық байқауы аясында өткен «Витебск-2016» эстрада әндерін орындаушылар конкурсында жеңіп алған 15 мың доллар көлеміндегі ақшалай жүлдесін үйлену тойына жұмсайтынын айтты.

Той Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«25 қыркүйекте Астана қаласында үйлену тойымды өткізуді жоспарлап отырмын. Болашақ жарымның есімі – Дана Күзембаева. Алдағы уақытта Оразбекова болады. Алла сәтін салса. Байқауда 15 мың доллар көлемінде ақшалай жүлдеге ие болдым. Осы қаржының барлығын тойыма жұмсаймын. Себебі, той өткізу – өте қымбат. Витевск қаласынан көптеген қонақтар шақырдым. Әрі Италия мен Мексикадан қонақтар болуы мүмкін. Барлығын уақыт көрсетеді», - деді әнші.

Айта кетейік, «Славян базары-2016» халықаралық байқауы аясында өткен конкурста қазақстандық әнші Адам бірінші орын алды.

Байқаудың гран-приін беларустік Алексей Гросс иеленді. Оған сондай-ақ Беларусь және Ресей одағы парламенттік жиналысының арнайы сыйлығы берілді.

Байқауда Adam Николай Носковтың «Исповедь» әнін, ал әлемдік хиттерден Sam Smith - I'm Not The Only One әнін орындады.  Сондай-ақ ана тіліміздегі Батырхан Шүкеновтің «Отан Ана» әнін шебер орындап, көпшілік қауымның ықыласына бөленді. Халықаралық конкурс Беларустің Витевск қаласында 14-18 шілде аралығында өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы «Славян базары» байқауына еліміздің атынан Димаш Құдайбергенов қатысып, гран-примен оралған еді. Сонымен қатар, осы жылы қазақстандық Луиза Нұрқуатова балалардың «Славян базары» байқауында жеңімпаз атанды.

Тағы да оқыңыздар:

Есепті "шемішкеше шағатын" Шөкеевтің біз білмейтін қырлары қандай? (фото)

Ақтөбеде жетімдер үйіндегі қорғансыз қызды малшылар аяусыз зорлап келген (фото)

Семейдегі КСРО кезінен қалған Ленин көшесіне Әлихан Бөкейхановтың аты берілетін болды

Атамбаев әйелдерді хиджап емес, ұлттық киім киюге шақыратын баннер ілгізіп жатыр (фото)

Алматыда полицейлерді қырып салған лаңкестің әйелі елден кешірім сұрады

"Қайраттың" қақпашысы маңызды матч алдында саусағын сындырып алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1197404-otandyq-anshi-bayqaudan-zhenhip-alghan-aq/