Елімізге танымал әнші күтпеген жерден жазушыға тұрмысқа шықты
Опубликовано:
Дәстүрлі әнші Гүлбаршын Тергеубекова мен ақын әрі жазушы, кинематографист Дидар Амандай көңіл жарастырып, шаңырақ көтеруге шешім қабылдады. Қос өнерпаз ұзақ уақыттан бері қарым-қатынастарын жасырып келген болатын.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Өнер әлемінің қос жұлдызы шаңырақ көтерді. Осы уақытқа дейін жазушы әрі ақын Дидар Амантай әлеуметтік желідегі парақшасында жерлесі Гүлбаршын Тергеубековаға махаббат жырын арнаған болатын.
Екі өнерпаз қарым-қатынастары туралы осы күнге дейін ешнәрсе ашып айтпаған. Енді міне қос ғашық шаңырақ көтеріп, отбасын құруды жөн көрген.
Бұл жаңалықты естіген әншінің әріптестері қатты таң қалған. Себебі, олар күйеу жігіттің кім екенінен бейхабар екен. “Гүлбаршын жаным, бақытты бол! Барған жеріңде бағың ашылсын! Бірақ қайда шыққан екен?” – дейді Шахизада Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасының журналистеріне.
Гүлбаршын Тергеубекова мен Дидар Амантай да Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Дәстүрлі әнші ұзақ жылдан бері екі баласын жалғыз өзі тәрбиелеп келеді. Ол отандық бағдарламалардың бірінде басының бос екенін айтқан болатын. Әріптестері ғашықтарды құттықтап қана қоймай, тойға шақыру күтетіндерін жеткізді.
Тағы да оқыңыздар:
Алматыдағы атыста жараланған сақшылардың бірі есін жиды
Қазақстан ауыр атлеттеріне Олимпиадаға қатысуға рұқсат берілді
Қаза болған полицейдің ұлы: Әкем парызын өтеп жүріп көз жұмды
Кесарь тілігінен соң әйелдердің өз күшімен босануына бола ма?
Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы тұтастай жанып кетті
Мамандар қант бағасының 450 теңгеге қалай көтерілгенін түсіндіре алмады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1197939-elimizge-tanymal-anshi-kutpegen-zherde/