Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жігіттер тобының" әншісі сәбиін перзентханадан арнайы оркестрмен шығарып алды (фото, видео)

Опубликовано:

"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев жақында ғана дүние есігін ашқан сәбиі мен жарын перзентханадан думандатып тұрып шығарып алды.

Бұндай қуанышты сәттермен топ продюсері Ерғали Әбдірайымов өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Қызының өмірге келуін асыға күткен әнші тіпті, перзентхананың алдына арнайы оркестр құрып, жұбайының көңілінен шығуға барынша тырысқан.

Перзентханаға Ердостың қуанышын бөлісу үшін "Жігіттер" тобының әншілері мен туған-туыстары, достары мен өнердегі әріптестері келген.

Айта кетсек, Ердос Қанаевтың Әбдірахим және Диасыл есімді екі ұлы бар. Әншінің отбасы көптен бері қыз баланы күтіп жүрген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Кабулда теракт болып, 60-тан астам адам қаза тапты (фото)

Лейкозға шалдыққан екі жасар қызды туған сіңлісі ажалдан алып қалды

Түркияда туған қазақ қызы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайды (фото)

Күрішбаев: Қазір жерді жалға беруді әкімдердің өздері-ақ шешіп тастап жатыр

Дінтанушы: Түркиядағы төңкеріске Гүленнің қатысы болса, қазақ-түрік лицейлерін жабу керек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1199325-zhigitter-tobynynh-anshisi-sabiin-perze/

pixel