Алтынай Жорабаеваның күйеуін көп айтпауы оқырмандардың күдігін туғызды

Опубликовано:

Алтынай Жорабаеваның күйеуі Сәбит туралы желіде көп жазбауы көпшіліктің күдігін туғызды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүгін әншінің жары Сәбит Әбдіхалықовтың жүрек талмасына ұшырап, ауруханаға түскені хабарланды. Алайда, сүйіктісі туралы көптен бері тіс жармай жүрген Алтынай оның суреттерін де желіге салмайтын болған.

Әрине, бұл ештеңеге себеп емес. Десек де, әншінің тыңдармандары Сәбит Әбдіхалықов туралы сұрақтарын жасыра алмаған.

"Алтынай, сұрағаныма ренжіме, Сәбит көрінбейді ғой?! Әлде қазақ санын көбейтем деп балаларын әр жерге тарыдай шашып жүр ме?", "Сіз туралы сұмдық әнгіме естідім бүгін. Бірақ сенбедім. Сіздер шынымен айрылысып кеттіңіздер ме? Бұл жай ғана өсек деп ойлаймын", "Сіз осы қыдырасыз да жүресіз, күйеуіңіз қайда?", - деген сыңайдағы пікірлерді Алтынайдың парақшасынан көп табуға болады.

Еске сала кетейік, соңғы кездері Алтынай Жорабаева қыздарымен бірге Астанада тұрып жатыр. Ал Сәбит Әбдіхалықов Алматыдағы Жастар мен балалар театрына жетекшілік етеді.

Тағы да оқыңыздар:

Сәбит Әбдіхалықов кезекті рет инфаркт алып, ауруханаға түсті

Ақтөбеде екі әйелі мен сегіз баласы бар жігіт өзіне тағы да тоқал іздеп жатыр

Лондонда мас күйінде көлік жүргізген Қазақстан Елшілігінің қызметкері жұмыстан қуылды

Сафар Шәкеевті іздеп жүрген еріктілер кездейсоқ басқа жігітті тауып алды (фото)

Ильин: Жаттығуларды тоқтатқаныма бір ай болды, еш зауқым соқпайды

Банкоматтан ақша алу кезінде алаяқтар адамды қалай алдайды?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1200480-altynay-zhorabaevanynh-kuyeuin-kop-ayt/