Ән айтудан гөрі жақсырақ билейтін 5 атақты әнші

Опубликовано:

Танымал әнші болу үшін, мықты вокалдық дайындықтар болу керек. Бірақ, бұлда шешуші фактор бола алмайды. Себебі, дауыстан көрі сыртқы келбет пен оқтай мүсінге тесіле қарайтын көрермендер үшін ерекше дарындылық қажет. Яғни, сыртқы келбетіңмен өзгелерді бағындыра алуың.

Осы орайда ән айтудан гөрі жақсырақ билейтін 5 атақты әншіні look.tm порталына сілтеме жасап NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

Мадонна

Атағы жер жарған поп-патшайымы үшін үлкен дәрежеге жету жолы жанжалға толы болды. Бірақ әлі күнге дейін өзінің жеңіс тәжін ешкіммен бөліспейтін әртіс, әр жаңа туындысында тыңдармандарын физикалық пішінімен таң қалдырып отырады.

Шакира

2000 жылдардың басында жамбас және ішті қозғалту арқылы жасалатын қимылдардың барлығын Шакира үйреткен болатын. 13 жасында өзінің жеке альбомын шығарған әнші екі жасында ән айтып, төрт жасында билей бастаған. Оның жанды дауыстағы әндерінен бір орында тұру мүмкін емес. Ал оның әсерлі бейнебаяндары жыл сайын хит болады.

Дженнифер Лопес

Кішкентайынан билеп үйренген Дженнифер үлкен сахнаға шығуды армандаған. Ол ең алғаш іріктеуден өтіп басқа бишілерге ілісе билеген. Алайда, сол жерден даралана білген бикеш болашағына жол аша білді.

Сиара

Барлық қара нәсілді америкалық әншілерде екі-ақ таңдау болады. Би немесе рэп. Сиара өзінің бойындағы зор күшке сеніп, ерекше қозғалыстарымен лирикалық әнді ұштастыра білді.

Кристина Орбакайте

Кристинаның, сахна мен кинодағы алғашқы сәттерінен бастап-ақ әр басқан қадамдарын сөз етіп жүрді. Бірақ танымал әнші мойымай оларға өзінің мықты әнші ғана емес биші екенінде көрсетті. Ол 45 жасқа келсе де жас әріптестерімен қосылып көңіл көтере алады.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: Елдос Сметовтің басты қарсыластары кімдер? (фото, видео)

Алматы полициясы 10 күннен бері табылмаған Сафар Шәкеевті тікұшақпен іздеп жатыр

Атыраулық белсенділер Нұрлан Ноғаев бастаған бір топ адамға "сыйлық" жасады (фото)

"Ыстықкөлде" қазақстандық туристер мен жергілікті тұрғындар төбелесіп қалды (фото)

Қазақстан Эфиопияға 50 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы беретін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1201539-aytudan-gori-zhaqsyraq-bileytin-5-ata/