Баян Есентаеваның қызы анасы үшін уайымдаған халыққа алғысын айтты

Опубликовано:

Продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек өз отбасы жайлы Instagram желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды BAQ.kz.

Ол өз парақшасында: "Барлығыңызға уайымдап, қолдап, ізгі тілек білдіргендеріңізге рахмет. Әрдайым үйлеріңізде махаббат пен бейбітшілік болсын. Менің осыған дейін үндемегенім, бір-біріне қарама-қайшы әрекетім мұнда көпшілігіңіз ойлағандай ішкі жағдайымды білдірмейді. Десе де, қаралы күндерді де сезіне білу керек, сол қаралы түннен кейін жарқырап таңның ататынын ұмытпау керек. Біздің үйіміздің балалары, оның ішінде мен қамқорлық пен мейірімділікті көріп, отбасының қандай болуы керек екенін және үй ішінде ұрыс дегенді ешқашан естімей өскеніміз үшін Құдайға алғысым шексіз. Жұрттан жасыратындай жамандығымыз болмады, мен жанұямды жақсы көремін, солай болып қалады да", - деп жазды ол.

Сонымен қатар Айсәуле адамдардың жеке өмірі туралы көп сұрақ қоятынын айта келіп, "Жасың 20-да болғанда бәрінен бұрын сезімге ерік бересің, бірақ оның әп-сәтте сөнетін қасиеті бар. 20 жасыңда өмірге байсалды қарау ерте екен. Бүгін, ертең, бір ай бұрын, екі ай... Айсәуленің басы бос. Қажетсіз ойлардан, сынау мен сөгуден бос. Ерте ме, кеш пе, өмір есейтеді және есею ас әзірлей алатын тәжірибеңмен келе салатын дүние емес екен, ол төніп тұрған қалың бұлттың арасынан рауанын шашып күннің бәрібір де шығатынын түсінумен келеді. Бастысы жарқырап жүру", - дейді танымал продюсердің қызы.

Тағы оқыңыздар:

Қарағандыда келіншек босанғаннан кейін жарты тәулікке жетпей жан тапсырды

Мысырға оқуға кеттім деген ақтөбелік жігіттің Сирияда соғысып жүргені анықталды

Заттыбек Көпбосынұлы дүкенін намазханаға айналдырып, ауылдастарына сыйға берді (фото)

Cаясаттанушы түзеу мекемелерін ҰҚК-нің құзырына беруді ұсынды

Жер комиссиясы екі жарым айда не тындырды?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1202601-bayan-esentaevanynh-qyzy-uy-ishinde-urys/