Әнші Әдемінің толық кезіндегі фотосы тыңдармандарын есеңгіретті (фото)

Опубликовано:

Әнші Әдемінің толық кезіндегі фотосын желі парақшасында жариялаған Мақпал Исабекова тыңдармандарды таң қалдырды. Желі қолданушылары Әдеміні фотодан танымай қалған.

Мансап жолдарын Superstar.kz жобасынан бастаған қос әншінің аталған жобаға қатысқандарына 13 жыл толыпты. Исабекова сол кездегі ескі фотомен бөлісе отырып, желі қолданушыларын бір таң қалдырды. Әдемі де Мақпал Исабековамен бірге түскен фотосын өз желі парақшасында жүктеген. Тіпті келбетіндегі өзгерістердің айтарлықтай екенін жасырмай, фотоға жазба қалдырған.

"Бұрын әлеуметтік желі болмайтын. Әркім өзі қалағанша өмір сүретін. Комплекстер де болмайтын... Ешкім саған "Неткен семіз едің" деп те сын айтпайтын... Уақыт өте келе бәрі өзгереді. Сен мінезіңді, құндылықтарыңды, киім мен аксессуарларға деген талғамыңды, қоршаған ортаңды және әрине дене сымбатыңды өзгертесің. Арада 13 жыл өтті. Білсеңіздер, мен расымен де семіз болған шығармын... Бірақ нақты білерім, барлығы да дәл осылай болуы тиіс еді. Ең бастысы, өмірімізде қандай жағдай болмасын, адамгершілікті сақтау. Бұрынғы сырт келбетімізден ұялудың қажеті жоқ. Жағдайды да дұрыс бағалай білген жөн. Мақпал, естелік үшін рахмет", – дейді Әдемі.

Әдемі фотодағы сырғаларын әлі күнге дейін сақтап жүр екен. Тыңдармандары Әдемінің толық кезіндегі келбеті де сұлу екенін алға тартып, әншінің өзін осылайша өзгерте алғанына таңданыстарын білдірген.

Тағы оқыңыздар:

Сарапшылар Астана мен Алматыда пәтерге неше жыл ақша жинау керектігін есептеп шықты

Ақтөбеде экс-депутат Өндіргенов 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкенттік әйел із-түссіз жоғалған егіз ұлдарын шарқ ұрып іздеп жүр (фото)

Түрік дипломаттары қазақ-түрік лицейінен балаларын жаппай алып кетуде

Әлемдік рейтингте қазақтың ұлттық киімі үздік бестікке енді (фото)

Полицейлер ОҚО-ның Мақтарал ауданындағы қақтығыс жайлы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1207668-anshi-ademininh-tolyq-kezindegi-fotosy/