Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Асар өмірдегі қорғаны туралы ақтарылып айтты (фото)

Опубликовано:

Тамара Асар өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына ағасымен түскен суретін жүктеп, қызықты естеліктерімен бөлісті.

Өзінің ағасы Берікті «қорғаным» деп атаған әнші ұл баланы бәрінен биік қойған қазақы тәрбиеге деген ризашылығын білдірді. Ол, сонымен бірге, бауырлары туралы естеліктерін әңгімелеп, желі қолданушыларын тұшымды әңгімесімен бір серпілтіп тастады.

«Мамамыз тойдан 3 кәмпит әкеледі, оның екеуі Беріктікі, біреуі маған, (үлкен апаларым кәмпиттен дәмесі де болмайды). Ол кезде Серік әлі кішкентай, кәмпит жейтін тістері енді шығайын деп келе жатқан. Сонда бүкіл ауладағыларға айналып, бір түйір кәмпитімді қағазының (фантигінің) құлағынан ұстап алып мақтанып, жүгіріп қайтып келгенше, Берік 2 кәмпитін тауысып алып, маған қарап тұрады да: "Тома, мен ана сарайдың үстіне мінсем, не болады?"- дейді, Сонда мен: "Биқош,сен мінбей-ақ қойшы, құлап кетсең қайтем, кәмпитімді саған берейін, мінбеші", - деп азар да безер боламын. "Жарайды", -деген кезде сілекейім шұбырып тұрып, кәмпиттің қағазын ашып, оны ауызбен қылдай бөліп, үлкендеуін уәде берген Берігімнің аузына салып, кішілеуін "шәйнап-шәйнап тіспен жұмсартып, арбада дым түсінбей қарап отырған кіші інім Серіктің аузына салып жіберемін. Сөйтіп, өзім кәмпиттің қағазын иіскеп, қолмен үтіктеп қырлап қалтама салып аламын ("кеше мен тәтті кәмпит жедім" деп ертең мақтану үшін), өзім бағанағы ауызбен бөлгендегі сілекейімді ұзааааақ ұстап тұрып, тіліммен таңдайымды жұтынып, қағаздың иісіне мас болып, ақыттан басым айналып, "Ағамды аман алып қалдым"- деген ерлік сезіммен, ініме тәтті бердім деген қамқор сезіммен раxат күй кешемін...», - деп жазады әнші.

Тағы да оқыңыздар: 

Ақтөбеде әйелінің сұлулығын қызғанған еркектер ғана никаб кигізетін болып шықты (фото)

Екі дағдарыстан соң Қазақстан халқының жартысынан көбі кедейленіп кеткен

Тасмағамбетов Балқаш торабындағы Ресейге жалға берілген жердің аумағын қысқартты

Түркістан әкімі аруақтардан медет сұраған кейуанаға "періште" кейпінде келіп, көмектесіп жатыр

Отандық сериалдың жұлдызы үйлену тойын ерекше стильде өткізді (фото)

Түсініксіз тілде шырқайтын МС Сайлаубек Қытайды бағындыруға кетті (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1208969-tamara-asar-omirdegi-qorghany-turaly/