Төреғали Төреәлі қазақ қыздарын кімнен қызғанып жүр?
Опубликовано:
Төреғали Төреәлі қазақ қыздарын өзгелерден қызғанып жүр.
Қазақ қыздарын күллі әлемнен қызғанып, ән арнаған әнші Төреғали Төреәлінің «Қызғанамын» атты жаңа әні оның тыңдармандарының көңілінен шыққан сыңайлы.
Әнде қазақ қыздарының тектілігі жайында сөз болып, қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығу проблемасы көтерілген.
Жалпы, соңғы жылдары БАҚ-та қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығу-шықпау мәселесі қызу талқылануда. Соған орай, Төреғали Төреәлінің бұл әні мән жағынан алғанда, аса өзекті тақырып болып тұр.
«Қызғанамын,
Қорқаулардан сендерді қызғанамын,
Тағысымын, себебі, түз даланың,
Қызғанамынмен қазақтың қыздарын, қызғанамын.
Қызғаныштан мұзға аунап, тұз жаладым.
Қыз баланың таптатпайық өзгеге, біздер, арын», - делінген ән мәтінінде.
Естеріңізге салсақ, жалпақ жұртқа танымал болған Төреғали осыған дейін де «Қазақ қызға үйленем» әнін жарыққа шығарып, ол өз тыңдармандары арасында хитке айналған болатын. Соңғы шыққан «Қызғанамын» әні де алдыңғы әннің жолын басатынға ұқсайды.
Тағы да оқыңыздар:
Ақтөбеде әйелінің сұлулығын қызғанған еркектер ғана никаб кигізетін болып шықты (фото)
Екі дағдарыстан соң Қазақстан халқының жартысынан көбі кедейленіп кеткен
Тасмағамбетов Балқаш торабындағы Ресейге жалға берілген жердің аумағын қысқартты
Түркістан әкімі аруақтардан медет сұраған кейуанаға "періште" кейпінде келіп, көмектесіп жатыр
Отандық сериалдың жұлдызы үйлену тойын ерекше стильде өткізді (фото)
Түсініксіз тілде шырқайтын МС Сайлаубек Қытайды бағындыруға кетті (фото, видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1209050-toreghali-toreali-qazaq-qyzdaryn-kimn/