Қазақстанда тек қазақ әндерін насихаттайтын жаңа музыкалық телеарна ашылады
Опубликовано:
Қазақстанда жаңа музыкалық телеарна көрерменге жол тартатын болады. Бұл туралы Gakku Media басшысы Санжар Мұстафин өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
Жаңа арнаның аты - «Той Думан», оның негізгі бағыты – музыкалық болмақ. Аты айтып отырғандай, арнадан толықтай қазақ тіліндегі әндер берілетін болады. «Той Думан» - қызметін отандық, оның ішінде қазақ әндерін насихаттауға арнаған осымен екінші арна болмақ.
Естеріңізге салсақ, 2014 жылдан бастап елімізде Gakku TV музыкалық арнасы эфирге жол тартқан болатын. Бүгінде ол сәтті жұмыс жасауын жалғастыруда. Айта кетерлігі, екі арнаның құрылу жолында еңбек етіп жүрген Санжар Мұстафин БАҚ саласында көптеген басшылық орындарда қызмет еткен мәдениет өкілі. Мамандығы – заңгер.
Оның пікірінше, «Той Думан» телеарнасы Gakku телеарнасы секілді бастапқыда спутник арналарында таратылатын болады.
Тағы да оқыңыздар:
Ақтөбеде әйелінің сұлулығын қызғанған еркектер ғана никаб кигізетін болып шықты (фото)
Екі дағдарыстан соң Қазақстан халқының жартысынан көбі кедейленіп кеткен
Тасмағамбетов Балқаш торабындағы Ресейге жалға берілген жердің аумағын қысқартты
Түркістан әкімі аруақтардан медет сұраған кейуанаға "періште" кейпінде келіп, көмектесіп жатыр
Отандық сериалдың жұлдызы үйлену тойын ерекше стильде өткізді (фото)
Түсініксіз тілде шырқайтын МС Сайлаубек Қытайды бағындыруға кетті (фото, видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1209189-qazaqstanda-tek-qazaq-anderin-nasikha/