Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан өзін «Мона Лизаға» теңеп, ел назарына ілікті

Опубликовано:

Ерке Есмахан Шалқар есімді суретші тарту еткен туындыны өз парақшасына салып, тағы да жұртты өзіне қаратты.

Ол туындының «Моно Лиза» секілді әлемді тамсандыратын тарихи дүниеге айналуы мүмкін екенін жеткізді.

«Мен де тарихта қалғым келеді», - деп жазды ол суретшіге алғысын білдіре отырып.

Өзінің жүрекжарды алғысында әнші: «Бұл картинаны ұрпағым сақтаса, мыңдаған жылдардан соң құны пәленбай мыңға бағаланатын нағыз шедевр болатын шығар?! Шалқар бейнелеген "Ерке Есмаxан" болып әлем тариxында қалайық, Леонардо да Винчи салған "Мона Лиза" сияқты», - деп жазды.

Әнші Леонардо Да Винчиге теңеген суретшіні Еркенің «болашақ жары» деп болжағандар да болды. Бұл тұста желі қолданушыларының пікірлері де екіұдай. Суреттегі Еркенің бейнесін оған мүлдем ұқсамайды, тіпті ондағы қыз Еркеден әлдеқайда әдемірек деп сын айтқандар да жоқ емес.

Тіпті, кейбірі сурет кейіпкері Ерке Есмаханнан гөрі Мөлдір Әуелбековаға көбірек ұқсайды дегенді жеткізді.

«Мынау Еркенің өзінен сұлу бейне болып шығыпты... Ерке сүйкімді бірақ, мынандай сұлу емес», «Мөлдір Әуелбековаға ұқсап қалған сияқты», «Ұқсамайды. Мұнда тым нəзік! Сұлу», «Неге ұқсамайды? Ұқсағанда қандай ұқсайды?», - тектес пікірлер жазған желі қолданушылары.

Тағы оқыңыздар:

Данияр Ақышев девальвация болуы мүмкін деген қауесеттерге жауап берді

Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері (фото, видео)

Биыл грантқа үмiттi түлектердiң 80%-ға жуығы қазақ мектебiн бiтiрген

Семейде болашағын білу үшін сәуегейлерге жүгінетіндер көбейген

ОҚО полициясы "тәртіп сақшылары 17 жастағы бозбаланы жабылып ұрды" дегендерге жауап қайтарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1210275-erke-esmakhan-ozin-mona-lizagha-tenhep/

pixel