Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Беспаев сақал қоямын деп тыңдармандарын шошытып алды (фото)

Опубликовано:

Мейрамбек Беспаев соңғы уақытта халық алдына сақал қойып түскен суреттерін жиі шығаратын болған. Оның жаңа кейпі әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен дау-дамай тудыруда.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Халықтың сүйіктісі Мейрамбектің суретіне қарап, кейбір қыз-келіншектер оған қайта ғашық болып қалғанын айтса, кейбіреулері оның бұл жаңа имиджін ұнатпады.

 

«Сақал жараспайды», «Кешіріңіз сізге сақал мұрт жараспайды, жақындап фотоға қарағанда қорқынышты», «Көрікті керемет! Бірақ, сақалды қатты өсірмеңіз өтініш», «Аға сақал қоймаңызшы, өтініш. Өз түріңіз жарасады, Сізге» сынды пікірлер көптеп айтылды.

Қолданушылар арасында Мейрамбектің киім-киісін де сынағандар болды.

 

Мәселен, askar_munal_ali есімді қолданушы: «Қазақ елі өзіңнің өнеріңе тәнті екені белгілі. Қазақтың маңдайына біткен бір өнер майталманысың! Қашанда тілеп жүреміз амандығыңды. Өнерің өрлей берсін, шаршағаның елді қуантудан болсын! Бір мәселе. Әр қилы өтпелі кезеңдерді көріп келеміз. Заманымызға сай киінеміз, өйтеміз-бүйтеміз. Дүние мүлікке қызығушылығымызды қандырмасақ, бір қилы болып жүреміз дегендей. Осы қымбат киім, сағат, көлік тағысын басқа деген мансаппа? Мұндай заттан өтіп кеткен жоқпызба? Сіздер одан жоғары емессізбе? Бұл бізге дәреже беретіні шамалы. Ең қымбаты қазір шынында қарапайымдылық емес пе?!», - деген пікірін жеткізді.

Бір қызығы, Мейрамбектің дау тудырған бұл суретіне қарап, оны түрік актерлеріне ұқсатқандар да табылды. «Түрік киноларындағы жігіттерге ұқсап қапсыз», «Тура түрік жігіттерінен аумайсыз», - деп жазды олар.

Тағы да оқыңыздар:

Шенеуніктердің миллионер ұл-қыздары елге бір тиын да салық төлемейді

Оңтүстікке келін болған якут қызы қалай қазаққа айналды?

Ерке Есмахан өзін «Мона Лизаға» теңеп, ел назарына ілікті

Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері (фото, видео)

Аздап салмақ қосқан Мөлдір Әуелбекованы жұрт аяғы ауыр деп болжады (фото)

Күйеуіңіздің көзіңізге шөп салып жүргенін қалай байқауға болады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1210690-meyrambek-bespaev-saqal-qoyamyn-dep-ty/