Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова тыңдармандарын өткен шағына бір-ақ «апарды» (фото, видео)

Опубликовано:

Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіге жас күніндегі суреттері мен видеоларын жүктеп, өткен күндерін сағынып жүр, деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол бірнеше күннен бері жастық шағының естеліктерін жариялап, оқырмандарын өткен шағына бірақ «апарды».

Мақпал Жүнісованың бұл суреттері жел қолданушыларын да бей-жай қалдырған жоқ. Олар Мақпалдың жас кезіндегі бет-бейнесіне назар аударып, оның қызы Мерейдің өзінен айнымайтынын айтты. Қолданушылардың кейбірі оның өте сұлу екенін жеткізсе, екіншілері оған бұл кездер туралы көбірек ақпарат беруді сұрады.

1986 жылы Юрмаладағы байқауға барып, жеңілсе де «тек алға!» деп тұрған сәті, 1982 жылғы концерттен үзінділер, «Екі жұлдыз» әніне 1984 жылы түсірілген таспа, Коммунистер партиясының 16-шы съезінің делегаты ретінде түскен суреті тыңдармандарын бір қуантып, олар өз жылы лебіздерін аямай жаудырды.

«Мақалалар, өткен күндер белгісіне көп үңілетін болыпсың: əрине сағынышпен еске алатын күндер көп болғанға не жетсін! Ал ондай сəт өзіңде жетерлік», «Мақпал ханым, жас кезіңізде өте әдемі болғансыз, сүйкімді, тартымды. Аман болыңыз қызыңыздың қызығын көріңіз», «Сіз сондай қарапайым жансыз. Менің анашым сізді, сіздің қарапайымдылығыңызды, əндеріңізді, дауысыңызды өте жақсы көретін. Тіпті киген киімдеріңізді де өзіңізге жарасымды деп айтып отыратын. Аман болыңыз. Мерейіңіз сізді қуанта берсін», «Ең жақсы кездер! Адамдар қарапайым» сынды пікірлер жазды қолданушылардың дені.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы екінші жарыс күнін сәтсіз аяқтады

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Рио Олимпиадасының медалінен қағылды

Ғани Қасымов өзінің алтын аксессуарларын көрсетіп, жұртты қызықтырып қойды (фото)

Рио Олимпиадасы: Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин сегізінші орында қалып қойды

Баян Есентаеваның жағдайы қазақ әйелдерінің қорғансыз екенін дәлелдеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1213084-maqpal-zhunisova-tynhdarmandaryn-otke/