Заттыбек жетім балаларға тегін концерт беріп қуантты

Опубликовано:

Белгілі сазгер Заттыбек Көпбосынұлы жетім балаларға тегін концерт беріп, оларды жайылған мол дастарханнан тамақтандырып қуантты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бұрыннан қайырымды істерімен белгілі Заттыбек Көпбосынұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына: «Машатта демалып жатқан 400-ге жуық балалардың көңілін көтеріп, кеше Шымкенттегі інілеріммен бірге дастархан жайып, концерт беріп қайттық. Жүзіміз күліп тұрса да жүрегіміз жылап тұрды. Тәп-тәтті балапандарын тастап кеткен адамдар қалай жер басып жүр екен?! Балапандардың қолымды ұстап, жібермей «Аға, кетпеңізші. Бізбен бірге болыңызшы, тағы да ән айтайықшы, енді қашан келесіз» - дегені көзге еріксіз жас келтірді. Енді жиі барып, әңгімелесіп, сырласып тұратын орта таптым. Ол - балалар үйі. Балапандар ауырмасын, өссін, өнсін! Осы елдің ең беделді де мәртебелі тұлғасына айналсын!», - деп жазды.

Жазбаға қоса ол жетім балалармен түскен суретін жариялады.

Еске салсақ, Заттыбек бұған дейін үйінің есік алдындағы дүкенін мешітке айналдырып, имандылығын қалың жұртшылыққа паш еткен болатын.

Тағы оқыңыздар:

Қызылордада қойнауы мұнайға толы жер Olx порталы арқылы сатылып жатыр (фото)

Баян Есентаеваның жағдайы қазақ әйелдерінің қорғансыз екенін дәлелдеді

Данияр Елеусінов: Алла қаласа, бұл Олимпиадада жеңемін

Ақтаулық көлік жуушы биімен желіні жарды

Танымал қазақстандық әзілкеш шаңырақ көтерді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1213514-zattybek-zhetim-balalargha-tegin-konce/