Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аша мен Арман болашақ сәбилерінің жынысын анықтады

Опубликовано:

Жұлдызды жұп Аша Матай мен Арман Қоңырбаев болашақ сәбилерінің жынысын анықтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Аша өзінің Instagram желісіндегі парақшасына сурет жүктеп, желі қолданушылары бұл сурет арқылы Аша болашақ сәбиінің жынысын анықтады деп болжады.

Сурет астына қалдырған жазба арқылы оның тыңдармандары Аша мен Арманның отбасында жақын арада қыз бала дүниеге келеді деп топшылады.

«Анашымның бүгін жіберген суреті осы. Анашымның айтуынша, суретте мен туралы жазылған», - деп жазды тележүргізуші.

Пікір қалдырушылардың бірі «демек, болашақ сәбиіңіз қыз екен ғой?!» десе, енді бірі «қыз болса да, ұл болса да аман-есен босанып, бауырына алсын!» деп ізгі тілектерін білдіріп жатты.

Аша Матай тұрмысқа шыққалы бері оның парақшасына оқырмандардан жүктілігіне қатысты түрлі сұрақтар қойылады.

Таяуда жөнсіз сұрақтардан әбден шаршаған әнші оның бұған қатысты мазасын алмауын сұрап, жеке өміріне ешкімнің араласпағанын қалайтынын айтқан болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті

Ыстамбұлда миллионнан астам адам митингке шықты (фото)

Үш қазақстандық боксшы Олимпиаданы сәтті бастады (фото)

Рио-2016: Тоғызыншы тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1214518-asha-men-arman-bolashaq-sabilerininh-zhyn/

pixel