Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлі Шымкенттегі концертінен кейін тағы да жұрт аузына ілікті

Опубликовано:

Өзін «Ұлы дала баласымын» деп дүниеге жар салып жүрген Төреғали Төреәлі Шымкентте қойған концертіне ақ боз ат мініп, бағалы аң терісінен жасалған шапан киіп шықты. Әншінің бұл образы көпшіліктің талқысына түсті.

Бұл туралы әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан белгілі болды.

Әнші киген ақ шапанның жағасы бағалы бұлғын терісімен көмкеріліп, қымбат тастармен безендірілген. Оның түрлі қалаларда беріп жүрген бұл концерттерін өткен ғасырларда ел аралап, өнерін жұртқа паш еткен сал-серілердің әрекетіне балады.

Желі қолданушылары оған қазақтың өнерін жаңғыртып жүргеніне алғыстарын жаудырды. Осылайша, «Ұлы дала баласы» енді «Ақ боз ат мінген сері жігітке» бір-ақ айналды.

«Жарайсың, бауырым, нағыз жұлдыз, сөз саптауың керемет, қоңыр дауысың да кең, бағың жансын, тілектеспіз!!!», «Осы ақ шапаныңыз керемет жарасымды өзіңізге! Ала таудай биік бол! Аппақ күндей жарық бол!», «Қазактың барлық әкелері ұлдарын осылай тәрбиелесе», «Қазақтың барлық азаматтары Төредей болса, шіркін!», - деп жазды олар.

Тағы да оқыңыздар:

Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті

Ыстамбұлда миллионнан астам адам митингке шықты (фото)

Үш қазақстандық боксшы Олимпиаданы сәтті бастады (фото)

Рио-2016: Тоғызыншы тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1214583-toreghali-toreali-shymkenttegi-koncer/