Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлі бойжеткенмен бірге түні бойы көлікпен серуендеді (фото, видео)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлінің жас бойжеткенмен түнгі Алматыны кезіп жүрген видеосы қолданушылардың қызығушылығын оятты деп хабарлайды NUR.KZ.

Төреғалидің бұл видеосы актриса Әсел Мұстафаеваның Instagram желісіндегі парақшасына салынған. Видеода кабриолеттің рөлінде отырған Төреғали «Алматының түндері-ай» деп әндетеді. Актрисаның да, әншінің де көңіл-күйлері аса көтеріңкі.

Бастапқыда Әсел мен Төреғали арасында махаббат бар деп ойлап қалған оқырмандар, кейіннен бұл тек әншінің «Бір түрлі қыз» әніне түсіріліп жатқан бейнебаяны кезіндегі видео екенін түсінді.

Бұдан кейін-ақ, Төреғалидің да желідегі парақшасына бейнебаян түсірілімі кезіндегі суреті пайда болды. Қолданушылар әншіге сәттілік тілеп, жаңа бейнебаянның эфирге шығуын күтетіндіктерін жеткізді.

Еске салсақ, Әсел Мұстафаева өзінің дебютті рөлін «Қарлығаш» әлеуметтік телехикаясындағы басты рөлді сомдаудан бастаған. Ол кішкентай күнінен түрлі сұлулық байқауларына қатысып, түрлі сайыстарда бағын сынаған.

Тағы да оқыңыз:

Ауыр атлет Ниджат Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды (фото, видео)

Жазира Жаппарқұл: Қазақ осы күнді армандағалы қашан?

Жүзгіш Дмитрий Баландин Қазақстан құрамасына екінші алтын еншіледі

Өзбек боксшысынан ұтылған Біржан Жақыпов Олимпиаданы аяқтады

Британдық боксшы қазақ боксшыларын нағыз жыртқышқа теңеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1216566-toreghali-toreali-belgisiz-boyzhetken/