Шоу-бизнестегі қалыңдығынан бойы қысқа жұлдыздар кімдер?
Опубликовано:
Әдетте қалыңдықтың бойы күйеу жігіттен қысқа болуы керек деп жатамыз. Әйелінің бойы ұзын жұптар көзге ерсі көрінетіні де бар. Дегенмен, кей жұлдыздар қалыңдығынан қысқа бола тұра, жап-жақсы отбасын құруға болатынын дәлелдеп жүр.
Тіпті, олардың саны біз ойлағаннан да көп болып шықты. Мұндай жұптар топтамасын NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.
Қайрат Нұртас
Жұлдыздар арасында кең таралған отбасын жасыру дәстүрінің бастауында тұрған Қайраттың жан-жары бар екенін жұрт онсыз да біледі. Оның үйлену тойында, демалыста түскен суреттері ғаламтор беттерінде бұрыннан бар.
Тіпті, жұрт Қайраттың төрт қыздың әкесі екенін де біліп қойған. Ал оның әйелінің бойы ұзын екенін той суреттерінен анық көруге болады. Жарының есімі – Жұлдыз, олар отбасын 2007 жылдың тамызында құрған деседі.
Алмас Кішкенбаев
Алмас Кішкенбаев жары Мөлдірмен 2010 жылдың қараша айында отбасын құрған. Қазір олардың Зере есімді қыздары бар.
Мұрат Мұтырғанов
2014 жылы отбасын құрған Мұрат Мұтырғановтың өмірі оқырман үшін қызыққа толы. Оның қалыңдығы үйлену тойына той көйлегін спорттық аяқ-киіммен киген, ал тұңғыш ұлын белгілі клоун Майкл Джексонның құрметіне Майкл деп қойған. Бірде ол, тіпті орыс ұлтынан алған әйелі Алесяны «Оның қазақилығы менен гөрі басым» деп, елді бір шулатқан.
Сейфуллин Жолбарыс
Бойын айтып әзілдегендерге «Бойым көрінбесе де дауысым жақсы естіледі» деп жауап қайтаратын Сейфуллиннің де бойы қысқа екенін білеміз. Қазақ эстрадасындағы бойы аласа жігіттердің көшін бастап тұрған Сейфуллиннің бұл ерекшелігі танымалдылығын арттырмаса, кеміткен жоқ.
Иван Бреусов
Қазақтан қыз алып, күйеу бала атанған Ваняның да бойы біздің қыздан қысқа. Lila тобының мүшесі (бұрынғы "Бионик" тобы) Меруерт Асановамен Иван 2014 жылы отбасын құрған болатын.
Еске салсақ, бұған дейін Иван Бреусов әнші Ділнәз Ахмадиевамен көңіл жарастырған. Бірақ, белгілі себептермен, олар жұп бола алмады.
Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова 2015 жылы Арыстан есімді жігітке тұрмысқа шыққан. Оның үйлену тойы аса салтанатты тойлардың бірі ретінде еске қалды. Жарынан бойы ұзын Мөлдір жуырда әлеуметтік желіге сурет жүктеп, оған қарап жұрт әншінің аяғы ауыр деп болжаған. Қолданушылар әншіге ана бақытын тілеп, тезірек аяқ-қолын бауырына алуды тіледі.
Қазбек Қасым
2014 жылы отбасылы болған Қазбектің бүгінде Эсманұр есімді қызы бар. Бұл есім араб тілінен аударғанда "биік сәуле" дегенді білдіреді екен, ал түрікше "есімдердің үздігі" деген мәнге ие.
«Менің әпкелерімнің аты Әсем және Марал, ал жұбайым – Айнұр. Қызымның есімі осы жақындарымның есімдерінен құралған”, - деді бір сұхбатында әнші.
Айдана Меденова
2015 жылы «КешYOU» тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова "Индиго" және FM топтарының продюсері Әлішер Нұржановқа тұрмысқа шығады. Топтың экс-солисін продюсері Баян Есентаева құттықтамады деп шу шығып, кейін Баян осы жайтқа қатысты түсінік берген еді. Осындай даумен есте қалғанымен, той иелері бүгінде тату-тәтті ғұмыр кешуде.
Айдай Исаева
2015 жылдың көктемінде тұрмысқа шыққан «Қазақстан аруы-2013» Айдай Исаева Мақсат есімді жігітті таңдаған. Той Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өтіп, 2015 жылдың ең таңдаулы тойларының қатарына енді.
Тағы да оқыңыз:
Ауыр атлет Ниджат Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды (фото, видео)
Жазира Жаппарқұл: Қазақ осы күнді армандағалы қашан?
Жүзгіш Дмитрий Баландин Қазақстан құрамасына екінші алтын еншіледі
Өзбек боксшысынан ұтылған Біржан Жақыпов Олимпиаданы аяқтады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1216584-shou-biznestegi-boyy-qalynhdyghynan-qys/