Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ел алдында мүсінін көрсетуден қымсынбайтын жұлдыздар

Опубликовано:

Ел алдында жүргендіктен жұлдыздардың жүріс-тұрысы да, киім киісі де баршаға қызық. Тіпті балаларға дейін сүйікті әншісі секілді шаш үлгісін қойғысы келіп, солардікіндей киім кигісі келеді. Олардың сөздері де, өздері де ел үшін үлгі.

Бірақ, есімдері ел аузында жүрген жұлдыздарымыздың халықтың сынына ұшырап қалатын кездері де аз болмайды. NUR.KZ өзінің мүсінін көрсетуден қымсынбайтын жұлдыздарды назарларыңызға ұсынады.

Лидо

Қайта-қайта БАҚ назарына түсіп жүрген Лидоның көркі ерекше. Жұрт оны Instagram желісіне салынған демалыстағы суреттерінен көріп, таңданып-ақ жүр. Ол бұған дейін де өзінің мүсінін айқын көрсететін түрлі фототүсірілімдерге қатысып, мұның еш сөкеттігі жоқ екенін талай айтқан.

Луина

Белгілі әнші Луина да еш қымсынбастан ашық-шашық киім киіп суретке түсуге құмар. Бірақ ол халықтың бұған қатысты айтқан сынына еш мән бермеген кейіп танытып, өзінің желідегі парақшасына шомылғанда киетін киімдердің түр-түрімен суретке түсуін жалғастырып келеді. Оның ұстанымы: «Ит үреді, керуен көшеді».

Баян Есентаева

Баян Есентаева актриса, әнші, продюсер секілді қырларымен қоса, әдемі қыпша белі бар, ақылына көркі сай келіншек екені белгілі. Өзінің жасынан әлдеқайда жас көрінетін актрисаның шомылу киімін киіп түскен суретін көрген қолданушылар оған сын көзбен қарағанына ел талай рет куә болды.

Мақпал Исабекова

Соңғы кездері Мақпал Исабекова да өзінің киім киісіне қатысты біраз сөз естіп жүр. Оның күнге күйген денесін көрген жұрт шулап қоя берді. Бірақ әншіге бұл шыбын шаққан құрлы болмады. Себебі, ол мұндай сөздерге мән бермей, жартылай жалаңаш түскен суреттерін желіге салуын тоқтатар емес.

Линда Нигматуллина

Белгілі әнші, актриса, актер Талғат Нигматуллиннің қызы да түрлі түсірілім алаңдарында өзінің денесін көрсетуге қымсынбайды.

Айсұлу Әзімбаева

Актриса Айсұлу Әзімбаеваның жартылай жалаңаш түскен суреттерін желіден көптеп табуға болады. Ол түрлі жобаларға қатысып, онда өзінің мүсінін көрсетіп суретке түсіп жүр. Сондықтан Айсұлу Әзімбаеваны халық ешкімнен қымсынбай-ақ, жартылай жалаңаш денесін ел назарына ұсынатын актрисалардың бірі ретінде таниды.

Жания Джуринская

Отандық актрисалардың қатарындағы Жәнияның мүсініне де куә болып, мақтау сөзін айтқандар көп. Демалыста шомылуға киетін киіммен түскен суреттерин жиі жариялап отыратын актрисаның бұл суреттерін мақтағандар да, даттағандар да жетіп артылады. Бұған куә оның желідегі парақшасы.

Тағы оқыңыздар:

Өз елімде өгей болдым: Қытайдан келген қандастың ащы шындығы (видео)

БАҚ: Шымкентте із-түссіз жоғалған әйелдің күйеуі оны өлтіргенін мойындап отыр

Рио-2016 күнделігі: Бүгін қазақстандық атлеттер спорттың төрт түрінен сынға түседі

Әзірбайжандық боксшыдан жеңілген Жәнібек Әлімханұлы жеңілісінің нақты себебін түсіндіре алмады

Танымал актер Нұржан Төлендиев той басқару үшін 600 мың теңге сұраған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1221890-el-aldynda-musinin-korsetuden-qymsyn/