Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Беспаев қандай діни кітап оқып жүргенін айтты

Опубликовано:

Мейрамбек Беспаев желі қолданушыларына қандай діни кітап оқу керектігі жөнінде кеңес берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақтың белгілі әншісі Мейрамбек Беспаев өз оқырмандарына дінге қатысты көкейдегі сұрақтардың жауабын қайдан алуға болатынын айтты. Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына кітап оқып отырған суретін жүктеген.

Суретте әншінің «Дін мен діл» атты кітабын оқып отырғаны анық көрінеді.

Сурет астына Беспаев: «Діни мәселелерге байланысты көптеген сұрақтарымның жауабын осы кітаптан таптым. Елімізге белгілі дінтанушы ғалым Қайрат Жолдыбайұлының "Дін мен Діл", "Имани гүл" еңбектерін оқуларыңызға кеңес беремін. Қайреке, дінімізге сіңірген еңбегіңіз үшін сізге Алла разы болсын!» , - деп жазды.

Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне риза болысып, бұл кітаптарды қайдан алуға болатынын сұрады. Сонымен бірге, олар Мейрамбекке құнды кеңесі үшін алғыс айтты.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО-да жоғалып кеткен жүкті әйелдің мәйітін күйеуі өртеп жіберген

Алматыда жұлдыздарды тамашалауға келген жастар жаппай жыныстық қатынасқа түсті

Финалда ұлының әділетсіз жеңілгенін көрген Василий Левиттің анасы жылап қалды

Евгений Тищенко Василий Левиттен жеңілгенін мойындаған жоқ

Қазақстандықтар әділетсіздікпен жеңіліс тапқан Василий Левитке «алтын медаль» жасатып бермекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1222423-meyrambek-bespaev-qanday-dini-kitap-o/