Көріпкел әнші Шаһизада дүниеге келмей жатып-ақ оның ерекше адам болатынын айтқан
Опубликовано:
Танымал әнші Шаһизада дүниеге келерде көріпкел оның есімі Шаһизада болатынын айтқан, деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы әнші Астана арнасындағы «Аналар» бағдарламасының кезекті санында айтты. Әншінің айтуынша, ол он бір баланың алтыншысы және ата-анасы оның өмірге келгеніне қуанбаған.
«Екі ұл, үш қыздан кейін анам осы бес баланы өсіріп алсам жетеді деп ойлапты. Бір күні үйге бір жолаушы ата келіп, су сұрапты. Сөйтіп, анам оған шfй беріпті. Сөйтсе, ол көріпкел кісі екен, қарап отырып, сен тағы да екі қыз дүниеге әкелесің депті. Анам оған сеніңкірімеген», - дейді әнші.
Әншінің ерекше адам болатынын да сол қария айтып берген екен.
«Алла тағаланың берген таңбасымен туылады депті. Ол рас белімде орап жатқан ақ қалым бар», - дейді Шаһизада.
Мұнымен қоймай, көріпкел болашақ сәбидің есімін де қойып кетіпті.
«Анам қария кісінің Шаһизада, Фаризада деген тағы екі қызың болады деп айтқанын айтып отырады», - дейді Шаһизада.
Әнші сондай-ақ, екі жасында қатты ауырып, өлім аузынан қалғанын да жасырмай айтты. Оның айтуынша, оның өнер әлеміне келуі кездейсоқ емес, себебі ол өнер жолына бүкіл отбасының қарсы шыққанына қарамастан, айтқанынан қайтпай келген екен. Оқуға үйінен қашып кетіп түскен қыз бүгінде қазақ эстрадасындағы танымал әншілердің қатарын толықтырып отыр.
Тағы оқыңыздар:
Қазақстан Олимпиада ойындарындағы медаль саны бойынша рекорд жаңартты
Рио-2016: Бүгін Әділбек Ниязымбетов алтын медальға таласады
Назарбаев: Елеусіновтің жеңісі барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады
АҚШ өкілі: Қазақстандағы қарсылықтың артында Вашингтон тұр деу күлкілі
Данияр Елеусінов: Сіздер менен үлкен үміт күттіңіздер, мен оны ақтадым
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1224572-koripkel-anshi-shahizada-duniege-kelme/