Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сейфуллин Жолбарыстың жас келіншегі елді сұлулығымен таң қалдырды (фото)

Опубликовано:

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс жас келіншегімен бірге теңіз жағалауында демалып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Алайда әнші басқа әншілер құсап Түркияға емес, отандық туризмнің дамуына ұйытқы болып, Каспий жағалауларына аттанған. Сұлу әрі жас келіншегі Екатерина Лилуямен бірге теңізде демалып жатқан әнші өзінің желідегі парақшасына осы демалыстан түрлі суреттер жүктеген.

Бұл суреттерді көрген желі қолданушылары түрлі пікірлерін жеткізуге асықты. Қолданушылардың дені оның жас келіншегінің сұлулығына тамсанса, енді біреулері Сейфуллин Жолбарыстың бірінші отбасы қайда екенін білгісі келді. Олар Сейфуллинді бірінші әйелімен ажырасып кеткен деп болжады.

Айта кету керек, Сейфуллиннің жас келіншегі Екатерина Лилуя - орыс ұлтының өкілі. Олар бірге екі қыз тәрбиелеп отыр.

Сейфуллинің жалғыз ұлы Бейбарыс Сейфуллин әкесімен бірге түрлі отандық телебағдарламаларға қатысып, ән айтып жүргені де белгілі.

Тағы оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек қазақ қоғамында белең алған ажырасудың себебін әйелдерден көрді (видео)

Қазақстандағы танымал адамдардың сұлу қыздары

Мың бұрала билеген «ауыл қызы» ғаламторды жарды

Салмағы 18 келі болатын алып нәресте дүниеге әкелді

Желі қолданушылары Қарақатты Ким Кардашьянға ұқсатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1224790-seyfullin-zholbarystynh-zhas-kelinshegi/

pixel