Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кентал мен Санданың әнінен соң ажырасқан отбасы қайта табысуды ойлап жүр

Опубликовано:

Әнші Кентал мен Санданың «Прости, мне очень жаль» («Кешір, қатты өкінемін») әнін тыңдаған ажырасқан отбасы қайта татуласпақ ниетте деп хабарлайды NUR.KZ.

Шыға сала тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленген Кентал мен Санданың «Кешір, қатты өкінемін» әніне жазылған бейнебаян ажырасқан отбасын қайта қосуға себеп болуы мүмкін. Бұл туралы күйеуімен айырылысып кетен келіншек айтып берді.

Оның сөзіне сенсек, бұл әнді тыңдап, бейнебаянды көрген соң, оған бұрынғы жарымен табысу туралы ой келген.

«Сәлем, сенің шығармашылығыңды бақылап жүремін. Әндеріңді үнемі тыңдап жүремін, бірақ бәрінен ұнағаны – сенің соңғы шыққан әнің. Жолдасыммен ажырасып кеткенбіз. Бейнебаянды көріп көп ойландым. Әнің маған ой салып, мен енді отбасыммен табысқым келіп жүр. Жан мен жүректі тербетер осындай әдемі ән үшін рахмет!  Алла денсаулық берсін!», - деді қолданушы.

Желідегі өзге де оқырмандар келіншектің бұл сөзіне қосылды. Олардың ойынша, бұл ән шын мәнінде адамға ой салып, ажырасқан отбасыларға қайта қосылуға күш беретін көрінеді.

Әншінің өзі бұған аса қуанышты екенін жасырмай, тыңдармандарына алғысын жаудырды.

«Достар, жақсы пікірлеріңіз үшін көп рахмет! «Рахмет», «Біз татуластық», «Біз қайта қосылдық» деген сыңайлы хаттар көптеп келіп жатыр. Оқып отырып, жылағың келеді. Барлық отбасында махаббат үстемдік құрса екен! Әр үйге береке тілеймін!», - деп жазды әнші.

Тағы оқыңыздар:

Куәгер: Есікте топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін (видео)

Еліміздің тоқалдары қалталы қарттарды қалай пайдаланатынын айтып берді

Қыдырәлі Болманов өзін «Сәуле Әбединованың бірінші жары» деп жүргендерге жауап берді

Мүсінмен сүйіcу үшін оның басына шығып алған жігіт жұрттың ашуына тиді (фото)

Науқасты тепкен дәрігер әлеуметтік желіде көпшіліктің наразылығын тудырды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1228287-kental-men-sandanynh-aninen-sonh-azhyras/