Мақпал Исабекова тыңдармандарына дәретханадан сәлем жолдады (фото)
Опубликовано:
Танымал әнші Мақпал Исабекова желі қолданушыларына әжетханадан сәлем жолдады, деп хабарлайды NUR.KZ.
Белгілі әнші Мақпал Исабекова тыңдармандарын тағы бір елең еткізді. Жартылай жалаңаш суреттерін жариялау арқылы жұртты шулатқан Исабекова бәрін қойып, енді әжетханадағы суреттерімен қолданушыларын «бір қуантып» тастады.
Ол өзінің желідегі парақшасына бір емес, бірнеше сурет жүктеп, оның астына «тайға таңба басқандай»: «Әжетхана - ең жарық бөлме», - деп жазып қойды.
Демалыс маусымында Мақпалдың жартылай жалаңаш суреттеріне «қарық» болған қолданушылар, бұл жолы әншінің әрекетіне деген реніштерін жасыра қоймады.
«Мақпал ханым бұлай болмайды ғой... Мен сізді əншім деп жұрмін ғой... Басқа жерді енді таңдап түсіңізші жарай ма?», «Осы қыздар туалетте суретке түскенін қашан қояды екен. Уят-ай...», «Мақпал бетімен кетті. Қазақ халқын сыйлаудан қалды, не деген сұмдық», «Ұят емес пе?», «Мақпал, сіз əнші ретінде ұнайсыз, бірақ тым шеттен шығуға болмайды ғой, сізді қанша халық көріп отыр!», «Масқара!», - деп жазды олар.
Тағы да оқыңыздар:
ОҚО-дағы әулиелерге зиярат еткен Мәсімов қайтадан қазақша сөйлеп кетті (фото)
Мәсімовтің жиналысында іші пысқан министрлер Instagram-ның қызығына батты (фото)
40 жасында ана атанған ақтөбелік келіншек елдегі кәрі қыздарға кеңес берді (фото)
Мәдениет министрі қай боксшының жеңілісі жанына қатты батқанын айтты
Қытайлық спортшы Сапарбаевқа қазақ тілін үйреніп аламын деп уәде берді (фото)
Күйеуі соққыға жыққан Баян Есентаева бірден Францияға кетіп қалған
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1229100-maqpal-isabekova-tynhdarmandaryna-da/