Мейрамбек Беспаевтың өзге елде демалғаны кей тыңдаушыларға жақпай қалды
Опубликовано:
Мейрамбек Беспаевтың өзге елде демалғанын кей желі қолданушылары сынға алды деп хабарлайды baq.kz.
Осыдан біраз бұрын танымал журналист Ержан Байтілес өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Мейрамбек - Римде, Кенжебек - Анталияда, ал Сәкен Созақта демалып жатыр" деген ақпарат кешігіп жатыр ғой» деп қалжыңдап жазған еді. Алайда әріптесіміздің әзілі көпке бармай-ақ шынға айналды.
Қит еткенді сөз қылатын кейбір ақпарат құралдары арасынан бір топта өнер көрсететін үш әншінің үш жақта демалып жатқанының астарынан араздық іздегендері де табылды.
Өнер жұлдыздарының өздері қалаған өңірде демалып жүргендері әлеуметтік желі қолданушыларының да ашуына тиген сыңайлы. Ондағысы Мейрамбек Беспаев пен Кенжебек Жанәбілевтің отандық демалыс орындарын жарнамалаудың орнына, басқа елде жүргендігі.
Ұлы дала баласы деген фейзбук қолданушысы Мейрамбек Беспаевқа Қазақстанға қайта оралмай-ақ қойыңыз деп ренжіпті.
«Бізде туризм саласы ешуақытта дамымайды. Өзге елден бізге ешкім келмейді, өз ішіміздегілер сыртқа кетіп жатыр. Шенеуніктер бірінші қашады, содан соң артынан еліміздегі танымал жұлдыздар кетеді. Олар біле білсеңіздер өзге елден үй, саяжай, жер, машинаны бәрін сатып алып тастаған әлдеқашан. Халықтың қалтасында мың тенгесі бар, шенді мен жұлдызды адамдар олар миллиард немесе миллион ақшамен ойнап жүр ақшаларын қайда жұмсарын білмей. Бірде бір шенеуніктің ұл қызы Қазақстанда тұрмайды тұрса уақытша ғана тұрады. Шетелден білім алып ол жақтан кайтпағаны қаншама АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай секілді елдерден. Елге үлгі болып отандық туризмді қолдайық деп отырған ешкім жоқ. Мейрамбек Италияда, Баян Францияда қаңғырып жүр» - деп ашуланады желі қолданушысы.
Ал Мейрамбек Беспаев болса:
Теңізде үлкен-кіші кеме жүзген,
Көңілім соны көріп елегізген.
Құстарын туған жердің сағынамыз,
Қалықтап шағала ұшса төбемізден – деген өлең жолдарын арнап, тыңдаушыларына Қазақстанда жолыққанша аман-сау болыңыздар деген тілегін арнапты.
«Алматыдан-Анталияға айғама, Ауа жұтып қайтайық жай ғана» - деп бір апта бұрын Анталияға демалысқа аттанған Кенжебек те Мейрамбектің аяғын құшты. Отандық туризмді дамытуға танымал адамдар үлес қоспаса, қалтасы таяз қарапайым халықтың бұл салаға сіңірер еңбегі аз деген әншінің тыңдаушылары да Кенжебекке өкпелі.
Дегенмен демалысын сыныптастарымен бірге өткізген Сәкен Майғазиев Мұзарттың басы біріккенін, шет елде демалған әріптестерінің елге келгенін көрсетіп, «Түркия мен Италиядан келген таныстарым ғой» деп қалжыңдап, үшеуі бірге түскен суретін жариялады.
Қазақ эстрадасының көшбасшысы атанып жүрген жігіттеріміз қайда демалса да, қай елде жүрсе де әрқашан Қазақстанды, қазақ ұлтын, өздерінің сүйікті тыңдаушыларын ұмытпайтындары анық.
Тағы оқыңыз:
Алдағы үш тәулікте еліміздің басым аумағында жауын-шашын болмайды
ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін арба таратылды (фото)
Даниядағы «Әйелдер мешітінде» нәзік жандылар имам болды
Алматыда қаруланған ер адам көпшілікке оқ жаудырды (фото, видео)
Қамауға алынған Лилия Рах қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді
Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1237330-meyrambek-bespaevtynh-ozge-elde-demal/