"Сұлтан Сүлеймен" телехикаясының жұлдызы сүйіктісінің ұсынысын қабылдамай қойды

Опубликовано:

Әйгілі "Сұлтан Сүлеймен" түрік телесериалының бас кейіпкері Мерьем Узерлиге сүйіктісі ұсыныс жасаған. Бұл туралы 1news.az порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Актрисаның сүйіктісі белгілі түрік бизнесмені, яхта-клубының иесі Алып Озджан екен. Жұп сегіз айдан бері кездесіп жүрген.

Жігіт ұсынысты Берлинде Мерьем Узерлидің 33 жасқа толған туған күнін тойлау кезінде жасаған. Жас жігіттің ұсынысына актриса бірден жауап бермеген. Кейінірек, "Әзірге біраз күте тұрамыз, әлі ерте" деп қарсылықпен жауап қайтарған.

Бұған дейін түркиялық ақпарат құралдары бизнесмен мен актрисаның тойы тамыздың аяғында болады деп жазған еді. Алайда күтпеген жауаптың кесірінен, ол той жуық арада бола қоймайтын секілді.

Еске сала кетсек, 31 шілде күні Мерьем Узерли әлемдегі ең үздік актриса атағын да иеленген болатын. Ол марапаттау кешінде кейіпкерді жай ойнап ғана қоймай, соның өмір сүру салтына кіріп, образға енгенін және бұл марапаттың үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтқан еді.

Тағы оқыңыздар:

Ерболат Беделхан "өзін гейлерді қолдайды" деп қауесет таратқандарға жауап берді

Бақытбек Есентаевқа қандай айып тағылғаны жария етілді

Ресей Кейкі батырдың басын алдағы 2 аптада қайтаратын болды

Бір түнге 50 доллар: АҚШ-та киіз үйлер жоғары сұранысқа ие (фото)

Алматыда банк қызметкері ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1243068-sultan-suleymen-telekhikayasynynh-zhuld/