RU

Баян Есентаева: Мен жаныма бес метрге жақындаған кез-келген ер адамнан шошимын (видео)

Қазақстандық продюсер Баян Есентаева тележүргізуші Динара Сәтжанға эксклюзивті сұхбат берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Сұхбатында Баян Есентаева 10 маусым күні болған оқиға туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Видео тележүргізушінің YouTube арнасында пайда болды.

Баян Есентаева жағдайының әлі де жақсы еместігін айтып берді.

"Біріншіден, мен барлық қазақстандықтарға, мен үшін дұға етіп, қолдау көрсеткен барлық жанға алғыс білдіргім келеді. Мен оларға басымды иіп, рахмет айтқым келеді. Мен басымнан бұл жағдай өткен соң, бесінші немесе алтыншы күні ме екен, өзімнің халықтың адамы екенімді, ауруханадан тыс та әлем бар екенін, онда не болып жатқанын аңғара бастадым.

Шын мәнінде, алғашқы бес күн мен үшін сұмдық күндер болды. Бұл күн, 10 маусым, әлі күнге дейін қыр соңымнан қалмай келеді. Жағдайым әлі де жақсы емес. Мен күйзелісте жүргенімді айтар едім. Бойымда қорқыныш бар, мен жаныма бес метрге жақындаған кез-келген ер адамнан шошимын", - деп мойындады Есентаева.

Продюсердің айтуынша, ол бұл қадамға ел арасында таралып кеткен түрлі қауесеттерден кейін барған. Жалған өсектерге жол бергенше, бәрін өзім айтып беремін деп отыр продюсер.

Видео: Динара Сәтжан

Есентаева өміріндегі қорқынышты күнді есіне алды.

"Сонымен, мен 10 маусымда үйге оралмақ болдым. 5 маусымда жанжал туындап, үйге оралуым тиіс болатын. Ол туралы кейінірек айтып беремін. Мен тағы бес күнге кідіріп қалдым, себебі менің күйеуім үйге оралмауымды талап етіп, қоқан-лоққы көрсете бастады. Сол себепті, сабырға келуін күтіп бес күн келмедім. Шетелдік рейспен билеттерді алмастыра отырып келсем, ол менің келгенімді білмей қалады деп үміттендім.

Бағдаршамда тоқтағанымызда (такси) есік ашылып, аяқ асты ол отыра жөнелді. Оны осылай жетіп келеді деп күтпеп едім. Ол сол сәтте еш аяусыз маған пышақты сұға салды. Мен есімнен танған емеспін. Қатты ауырсынғанын да сезбедім.

Мен қорқынышты жайттар болып жатқанын түсініп, бар күш-жігерімді жинадым. Такси жүргізушісінен шара қолдануын жайлап сұрадым. Одан кейін бетіме соққы алдым. Көзім бірден ісіп кетті. Мен ештеңе көрмей қалдым. Кейін ол көлікті тоқтатуын сұрап, жүргізушіге қоқан-лоққы көрсетті. Мен көліктен шықтым. Ол мені өзге көлікке отырғызды. Көлікте оның туған немере інісі отырды. Мен адамның мұншалық қалай қатыгез болатынын түсіне алмаймын.

Мен жыласам да, айқайласам да ештеңе өзгермейтінін біліп, үнсіз отырдым. Ол мені екі сағат бойы соққыға жықты. Барлық жер қан-жоса болды. Мен одан балаларымызды ойлауын өтінген сайын ол маған кезекті соққы жасап отырды. Сол жағымда барлық бұлшықеттерім тартылып қалған, екінші деңгейлі жарымжандық. Сол көзім нашар көреді", - дейді продюсер.

Есентаева бүгінде ер адамдарға бұрынғыша қарай алмайтынын жасырмады.

"Әрине, әлі күнге дейін ашуға берілемін. Мен өмірде болып жатқанның бәрін бүгінде ауыр қабылдаймын. Құдай маған әйел ретінде ішкі күш бергендіктен, шындықты қабылдау үшін барымды салу керек екенімді түсінемін", - дейді Баян Есентаева.

"Қандай сұлу, жетістікке жеткен әйел болсаң да, ер адамның күшіне қарсы төтеп бере алмайсың", - дейді продюсер.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Құлжа тасжолының бойында Баян Есентаеваны күйеуі ауыр соққыға жығып, пышақтап тастаған болатын.

Белгілі болғандай, Бақыт Есентаев сол күні мас болған. Ол уақытша оқшаулағышқа қамауға алынып, өз кінәсін мойындады.

Бәзбiреулер оның осы жағдайын суретке түсiрiп, әлеуметтiк желiлерде таратып жiберген.

Ал тамыздың 3 күні оның абақтыда отыру мерзімі тағы бір айға ұзартылған болатын. Баян 20 маусым күні ауруханадан шығарылып, кейіннен оның Германияда сауықтыру орталығында жатқаны белгілі болған. Кейіннен оның соққыға жығылғаннан кейін салған алғашқы суреті жарияланып, қалың жұртшылықтың қуанышы қойнына сыймаған еді. Продюсердің суреттері желіде жиі жарияланып жүргенімен, ол өзінің бет-жүзін көрсетпей түсіп жүрді.

Тағы да оқыңыздар:

Депутат елімізде көлікте темекі шегуге тыйым салуды ұсынды

ОҚО-да той кортежі жолдың қарсы бетіне өтіп, жүргізушілерге автомат кезенді (видео)

Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша күдіктінің қорғаушысы атышулы фотоға қатысты пікірін білдірді

Қызылорда облысында тікұшақ құлап түсті

Қазғарыштың төрағасы орнына Еркін Шаймағамбетов келді

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1244807-bayan-esentaeva-men-zhanyma-bes-metrge-zh/