Кәмшат Жолдыбаеваның киім киісін жұрт тым ашық деп сөгіп тастады (фото)
Опубликовано:
Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаеваның көйлегі тыңдармандарына жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.
Әнші «Алматы - менің алғашқы махаббатым" фестивалінің түсіріліміне айрықша көк түсті көйлек киіп шықты.
Оның жұқа капрондынан тігілген, ұсақ гүлдермен безендірілген көйлегін желі қолданушылары тым ашық деп тапты.
"Гүлдер жетіспей қалды ма? Мен сізді сыйлаймын, бірақ, мұндай киімдерді гүлдермен толтырып тастау керек", "Ұят мына көйлек, саны жалтырап", "Тым ерсі", "Көйлегі перде сияқты екен, бәрі көк жараспайды",- деп жазды наразы тыңдармандары.
Олардың кейбірі әншіні тіпті киімі жылдан жылға қысқарып, ашық-шашық киінуді жөн көретін американдық әнші Майли Сайрусқа да теңеді.
Дегенмен, Кәмшат Жолдыбаеваның бұл көйлегіне оң баға беріп, әдемілігіне тамсанған қолданушылар да аз болған жоқ. Олар әншігі шығармашылық табыстар тілеп, ешкімнің сөзіне құлақ аспауға кеңес берді.
Тағы оқыңыздар:
Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)
Қазақстанда аборт жасауға тыйым салу ұсынылды
Тоқтар Төлешовтің меншігіндегі «Шымкентсыра» зауыты АТФ банктің меншігіне өтіп кетті
Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны екі бірдей әкімді "жұмысынан шығарып жіберді"
Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып қойды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1249186-kamshat-zholdybaevanynh-kiim-kiisin-zhur/