Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құралай Нұрқаділова боянып жатқан еркектерді көріп жағасын ұстады

Опубликовано:

Қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділова боянып жатқан ер адамдар туралы қызықты оқиғасын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол желі қолданушыларымен өмірінде болған қызықты жайтты бөлісті.

Құралайдың айтуынша бұл оқиға еліміз алғаш тәуелсіздік алған кезеңде болған. Бұл кезде елде қаражат жағы тапшы болып, телеарналарда стилист, бет әрлеуші, шаштараз дегендер атымен жоқ болған.

"Боянып, бетімді әрлеп телебағдарлама түсіріліміне келдім. Косметикамның барлығын сөмкеме салып алу ойымда болмапты. Студияда менімен бірге дизайнер, биші жігіт және актер болды. Бір кезде бізге: "Беттерің жалтырап тұр. Опа жағыңдар", - деді.

Мәссаған! Енді ешкімге көмек те бере алмаймын. Опаны өзіммен бірге алмағам. Сол сәтте не болғанын білесіздер ме? Ер адамдар сөмкелеріне қолдарын салып, әр қайсысы опасын шығарып, беттеріне жаға бастағанда менің таңданғаным соншалық, аузым ашылып қалды.

Ең қызығы, олар опаларын маған ұсынған кезде болды. Олар опаның түр-түрін ұсынды", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары оның бұл естелігін оқып күлкіге қарық болды.

Тағы оқыңыздар:

Семейде анасы қызын биттен тазартамын деп өлтіріп алды

Небәрі 7 айлық болып туған Жазира Жаппарқұл үлкен спортқа қандай қиындықпен келгенін айтып берді

Екі ұлын зорламақ болған Ақмола облысының тұрғыны 17 жылға сотталып кетті

Алматыда 25 жастағы келіншек жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Атыраулық әйел өзін балағаттап, шашынан сүйреген күйеуін кешіре салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1252412-quralay-nurqadilova-boyanyp-zhatqan-er/