Тойда жарымен би билеген Мейрамбек Бесбаев желіні жарды (видео)
Опубликовано:
Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтің жұбайымен бірге тойда би билеп, желі қолданушыларының көңілін көтерді деп хабарлайды NUR.KZ.
Жуырда Беспаевтар шаңырағы келінді болып, Мейрамбек қайныаға атанып, оның жұбайы абысынды болған еді. Ол Қызылорда облысына барып құда түсіп, келінді үйге алып келген. Желіде әншінің інісі Мейірбек пен оның қалыңдығы Рабиғаның ұзату және үйлену тойларында түскен суреттер пайда болды.
Інісінің шаңырақ көтергенін Мейрамбектің өзі де көпшіліктен жасыра қоймады. Есесіне, ол қатты қуанып, бұл қуанышын елмен бөлісті. Мейрамбектің інісі мен келініне айтқан тілегі ел назарынан тыс қалмады.
Мейрамбектің үйіндегі қуанышы ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілесіп, ағынан жарылған. Енді, міне бұл қуаныштан естелік ретінде желіде тағы ба бір қызықты видео пайда болды.
Бұл видеода "Диета.кз" тобының әншісі Жасұлан Базарбаевтың "Шынар-ау" деген әніне бар ынтасымен билеп жүрген Мейрамбек пен оның жары Мархабы көруге болады. Інісінің тойындағы Мейрамбектің бұл биін көрген әннің орындаушысы бұған таң қалып, оны желіге салған.
"Мен əн айтып, оған Мейрамбек Беспаев билейді деп ойламақ түгілі армандамаған да едім. Себебі ауылы алыс еді. Бір қарасам мен əн айтып, қайнағам билеп жүр. Аллаға шүкір, осындай ағалар, қайнағамен бірге жүргеніме қуаныштымын", - деп жазып қойды ол.
Билеп жүрген Мейрамбекті көрген жұрт мәз болды.
Тағы оқыңыздар:
Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады
Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды
Мұрат Майкеев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Шымкентте зообақ директоры арыстанның балаларына ат қою үшін желі қолданушыларынан ақыл сұрады
Айнұр Нұрсейіт ұшақтағы төбелес туралы: Әкем балалы әйелдің қылығына шыдай алмады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1252823-toyda-zhubayymen-birge-bi-bilegen-meyr/