Аяғы жалпақ Қарақат аяқ киім таңдауда қиналып қалатынын жайып салды
Опубликовано:
Қарақат өзінің ауылда көп жалаңаяқ жүргенін, соның салдарынан аяғының жалпайып кеткенін айтып ағынан жарылды. Әншінің сөзінше, осы себептен ол аяқ киім таңдау кезінде қиналады деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы Қарақат Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтты.
"Көп жалаңаяқ жүргендіктен, аяғым жалпақ болып кеткен", - деді ол. Сондықтан, әнші аяқ киім таңдау өзі үшін үлкен проблема екенін жеткізді.
"Ұзындығы келсе, ені келмейді. Ені келсе, ұзындығы келмейді", - деп қынжылды ол.
Сонымен бірге, ол биік өкшелі аяқ киімді ұзақ уақыт киіп жүре алмайтынын да айтты. Әнші ондай аяқ киімді қажет жерге киіп барып, қайта шешкенше асығып тұрады екен.
Атап айту керек, Қарақаттың өзі секілді, оның көйлектері де бүгінде "хитке" айналған. Ол өзінің көйлек таңдаудағы талғамдылығымен ерекшеленетін әншілер қатарында. Мәселен, оның "Бенефис-шоу" бағдарламасына киіп шыққан түрлі көйлектері үнемі ел аузында айтылып жүр. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі көптеген қалыңдықтар той көйлектерін дәл Қарақаттыкіндей үлгіде тіктіруге құмар.
Тағы оқыңыздар:
Қостанайда ер адам үйімен қоса өртеніп кетті
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн күрт суытады
ОҚО-да дәрігерлер психдиспансердегі науқасты ұрып, қабырғасын сындырды (фото)
Жезқазғандағы саябақта 10 жасар қызға педофил шабуыл жасады
Маңғыстауда болған жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының мүшелері түгелдей қайтыс болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1256413-ayaghy-zhalpaq-qaraqat-ayaq-kiim-tanhdauda/