RU

Қыдырәлі Болманов өзінің ұлын "гений" деп атады

Әнші Қыдырәлі Болманов ұлы Нұрәліні гений деп атады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол бұл туралы желідегі парақшасына жазды.

Қыдырәлінің бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөлетінін, ешқашан балаға дауыс көтермей, оларға тек жақсы сөйлейтінін Қарақат үнемі айтып жүреді. Қыдырәлінің өзі де үнемі желіге балаларының суретін салып, төрт ұлына деген мейірімін жұрттан жасырмайды.

Бұл жолы әнші балаларын мектептен алып қайтып, ұлдарының ұстаздарымен жолықты. Ол парақшасына мектепте түскен суреттерін салып:

"Алла бере салған, өзiм үшiн "гений балам" - жүрегi де, өзi де аппақ Нұрбаламның ұстазымен... Иман -чемпион, гений Нұрәлі деймiн... Жақсы сөйле, жақсы ойла... Мейiрiмдi Алла ниетке берерi анық... Үмiтсiз тек қана шайтекең емес пе? Қайырлы күн тiлеймiз!!!", - деп жазып қойды ол.

Сонымен бірге, ол баланы Алланың ерекше сыйы деп түсінетінін де жеткізді. Әнші түрік ағайындардың керемет қасиеті - "бала көрсе шұрқырасып, асты-үстiне түсiп, машалла деп, кiмнiң баласы болса да, еш жатсынбай, мәз-мейрам болып жататынын" айтты.

"Баланы Жаратқан жүрегiне байлап беретiнi туралы қалай дәл айтылған... Ертеңгi күнiңе үмiт беретiн де, бакытыңды, өмiрiндi ұзартатын да Алладан кейiн - ұрпақ...", деп бөлісті ол өнегелі ойларымен.

Желі қолданушылары Қыдырәлінің мұндай тәрбиесіне риза болысып, Қарақат екеуіне бақыт тіледі.

Тағы да оқыңыздар:

Кәмшат Жолдыбаева жалғыздықтан құса болған әйелдің бейнесіне енді

Қайрат Мәми: 1 миллион 100 мың теңге жалақы аламын, құпия емес!

Еліміздегі ең қымбат нан Петропавлда сатылып жатыр

Шымкентте тәуіпке көрсеткеннен кейін 11 айлық сәби көз жұмды

Жүрегі сыр берген Атамбаев Түркияда ауруханада жатыр

Дубайда араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы тойының қызықсыз өткеніне өкінді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1257633-qydyrali-bolmanov-ozininh-ulyn-geniy-d/