Айдай Исаеваны жұрт "келінге жат қылық жасады" деп сөгіп тастады (фото)
Опубликовано:
"Қазақстан аруы-2013" байқауының жеңімпазы Айдай Исаеваны ашық-шашық суреті үшін жұрт сынның астына алды деп хабарлайды NUR.KZ.
2013 жылы Қазақстанда ең сұлу деп танылған ару бүгінде тұрмыстағы келіншек атанған. Ол бір баланың анасы. Оның желідегі парақшасы отандық шоу-бизнестегі оқылымы көп парақшалардан саналады. Сондықтан, оның әрбір басқан қадамы ел аузында.
Айдай желідегі парақшасына жаңа сурет салып, оны көрген жұрт модельді сөге жөнелді. Олардың айтуынша, оның бұл суреті "әдепсіз".
Желі қолданушылары Айдайды осы суретті салу арқылы күйеуі мен ата-енесіне әдепсіздік танытты деп айыптады.
"Күйеуіңіз сізді қызғанбайды ма немесе сіз күйеуіңізді сыйламастан, осылай фотоға ашық шашық түсуден рахат аласыз ба? Осының сыры болса мына жалпақ жұртқа жая отырыңыз", "Қазақтың қызы осылай түсе ме ашық-шашық? Ұят екен", "Балаңнан ұялсаңшы, күйеуіңді ысырып қойдың ғой, ұят нәрсе ғой денеңді ашып", "Күйеуің қалай қызғанбайды, таң каламын? Ең бастысы, әп-әдемі келінсің ата-енеңнен ұялмайсың ба?", - деп сынды аямай жаудырды көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1259288-ayday-isaevany-zhurt-kelinge-zhat-qylyq/