Ашық-шашық киінетін отандық әнші хиджаб киіп, мұсылмандық қабылдады
Опубликовано:
Ел алдына шектен тыс жалаңаштанып шығатын FM тобының мүшелерінің бірі Эльвира Құспанова қысқа белдемшесі мен жартылай жалаңаш киімін мұсылмандық жамылғыға алмастырды. Бұл туралы "Экспресс К" басылымы хабарлайды. NUR.KZ порталы назарларыңызға Эльвираның өткені мен бүгініне саяхат жасап көруді ұсынады.
Бұдан бірнеше жыл бұрын ашық-шашық киінетін қыздардан құралған FM тобы танымалдыққа ие болған еді. Олардың әндері жастар тарапынан жылы қабылданған. Дегенмен, ашық-шашық киінетін қыздарды сынағандар да аз болмады. Кейіннен топ тарап, олардың әрқайсысы өз жолымен кеткен.
Эльвира Құспанова мұсылмандық киімдердің жеке топтамасын шығарды. Әнші қыз ешкім танымастай етіп өзгерді. Жартылай жалаңаш киімдердің орнын енді ол қара хиджабқа, ал түнгі клубтарды шариғатқа алмастырды.
Өміріндегі мұндай өзгерісті ол "Экспресс К" басылымына өзі түсіндіріп берді.
Оның айтуынша, ол тұрмысқа шығып, көзқарасы түбегейлі өзгерген.
Әнші өзіне не керектегін енді түсінгенін мәлімдеді.
FM тобының экс-мүшесі бұрын мынадай киімдер киюден қысылып-қымсынып жатпайтын.
Ол мұндай киімдерді, тіпті топ бейнебаяндарында да киіп жүре беретін.
Қоғам тарапынан мұндай қыздар топтарын сынағандар көп болғанымен, оның әндерін жастар көп тыңдайтын.
"Любила ли я" әні бұдан бірнеше жыл бұрын отандық әндердің ішінде өте танымал хитке айналған.
Әнші мұсылмандық киімдер топтамасын шығаруды мұсылман әйелдердің әдемі киінуін қалағандықтан қолға алғанын айтып отыр.
Оның сөзіне сенсек, оның киімдері 15 мыңнан 70 мыңға дейінгі аралықты қамтиды екен.
Тағы да оқыңыздар:
Өскеменде даун синдромына шалдыққан жігіт табылмай жатыр
Сыныптасы зорлап кеткенін ашық айтқан бойжеткеннен ата-анасы теріс айналды
Рудный тұрғыны үйлену тойын жасау үшін банк тонамақ болған
Баян Есентаева: Арманымдағы еркекті жолықтырдым (фото)
Мексикада 300 жастағы мумия күтпеген жерден көзін ашты (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1263847-ashyq-shashyq-kiinetin-otandyq-anshi-khidzh/