Кентал қазақ жігіттерін 18 жасында үйленіп алуға шақырды
Опубликовано:
Танымал әнші Кентал қазақ жігіттеріне 18 жастан қалмай үйленіп алуға кеңес берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Ол КТК арнасындағы "Басты рөлде" бағдарламасына сұхбат беріп, ерлерге отбасын ерте құрған жөн екенін ескертті.
Оның айтуынша, жасы 25-тен асқан жігіттер аса талғампаз болып, үйленуі қиынға соғады.
"Бұрын әкем бірінші аяққа тұрып ал, ақшаңды жина, өзіңді тап, сосын ғана үйлен дегенді айтатын. Қазір ойлаймын, бұл дұрыс емес екен. 18-жаста отбасын құрып, кейін екі жас жарасып, бақытты өмір сүріп кетсе жақсы емес пе? Балалары да ерте дүниеге келеді. Мысалы мен 31 жасымда үйленсем, балам 32-де өмірге келсе, сонда біздің арамыз 30 жас болады. Ол басқа заманның адамы болады. Ол мені, мен оны түсінбеуіміз де мүмкін. Мен елуге келгенде енді ғана жиырмаға келеді балам", - деді әлі үйленбей жүрген 29 жастағы әнші.
"Сондықтан, құрметті ер адамдар! Жүре бермей, уақытында, 18-20 жастарыңда үйленіп алыңдар. Себебі 25-тен кейін бәрі басқаша болады", - деп ағынан жарылды ол.
Бүгінде қыз таңдауға келгенде аса талғампаз болып алған Кентал өзінің жас күнінде көптеген қыздармен жүргенін, тіпті бір қызға ессіз ғашық болғанын да жасырмады. Бірақ, қыздың алдында айыпты болып қалған әнші оның кешірімін ала алмағанын айтты. Жеке өмірін көптің назарынан тыс ұстағысы келетін әнші Қайрат Нұртас құсап, жуырда кино түсірмекші. "Менің жеке өмірім туралы мәліметті осы кинодан ала аласыздар", - деді ол.
Тағы да оқыңыздар:
Бауыржан Исламхан тамыз айының үздік футболшысы атанды
Миына қан құйылған Израильдің экс-президенті қаза болды
Дәрігерлер жүрегі сыр берген Атамбаевтың жағдайын айтты
Ақтөбеліктер "91" тобын қалаға аттап бастырмаймыз деп ашуға мінді (фото)
Мәдина Сәдуақасованың стилисі әншінің қатігез екенін жайып салды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1265795-kental-qazaq-zhigitterin-18-zhasynda-uyle/