Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас қыздармен көңіл жарастырған қарт "жұлдыздар"

Опубликовано:

"Жұлдыздар" арасында жас айырмашылығы үлкен жұптар өте көп кездеседі. Олардың байлығы, атақ-дәрежелері, жеткен жетістіктері өздеріне жарасып тұрғанымен, өрімдей жас жұбайлары жандарында қалай көрінеді? Назарларыңызда өзінен айтарлықтай жасы кіші әйелдерге үйленген қарт "жұлдыздар".

Иван Краско мен Наталья Шевель (жас айырмашылығы - 60 жас)

2015 жылы Ресей халық әртісі Иван Краско 85 жасында 24 жастағы қызға үйленіп, жұртты шулатқан еді. Наталья  Санткт-Петербург университетінің студенті, ал Иван Краско оның студенті болған. Олар бес жыл бойы осы мәселе бойынша бас қатырып, ақыры қорқыныштарын түбегейлі жеңіп, отбасын құрған.

 Асанәлі Әшімов пен Бағдат (жас айырмашылығы - 33 жас)

Екі баласы мен жары өмірден озып, бұл дүниеде өзін жалғыз сезінген Асанәлі өзінен 33 жас кіші келіншекті екінші жары етіп таңдап алды. Ол одан көңіл жұбанышын тауып, өмірінің жалғасы Асанәлі есімді перзент сүйді. Бүгінде Асанәлі мен Бағдат бақытты ғұмыр кешуде. Бағдаттың айтуынша, ол жары Асанәліның құлазыған көңілін жадырату үшін оған тұрмысқа шыққан.

Клинт Иствуд мен Кристина Сандера (жас айырмашылығы - 33 жас)

86 жастағы Клинт Иствуд қарттығына қарамай, жас қыздарды жиі ауыстырады. Актердің қазіргі әйелі  Кристина Сандера өзінің иелігіндегі мейманхананың әкімшісі болып қызмет атқарады.

Александр Гордон мен Нозанин Абдулвасиева (жас айырмашылығы - 30 жас)

Олар танысқан кезде ол 50, ал Нозанин 20 жаста болған. Гордонның студент қызға үйленгені ешкімді таң қалдырған жоқ, себебі ол бұған дейін 19 жастағы бойжеткен Нина Шипиловамен бас қосқан еді.

Хью Хефнер мен Кристал Харрис (жас айырмашылығы  - 60 жас)

2010 жылы Playboy журналының негізін салушы Хефнер модель Кристал Харриске өзіне тұрмысқа шығуға ұсыныс тастайды. Бірақ, тойға бес күн қалғанда 2011 қыз қашып кетіп, түрлі сұхбаттар бере бастайды. Дегенмен, бұл жұп қайта табысады. 86 жасар қартқа 26 жастағы қыз тұрмысқа шығып, отбасын құрады.  Жас келіншектің айтуынша, олар бірге кино көріп, нарды ойнағанды жөн көреді екен.

Армен Джигарханян мен Виталина Цымбалюк-Романовская (жас айырмашылығы - 44 жас)

2015 жылы өзінің 80 жылдық мерейтойына Армен анау-мынау емес, жас келіншекті өзіне сыйға тартты. Ол бұрынғы әйелін тастап, 36 жастағы Виталинаға үйленді. Осылайша, бұған дейін тек Арменмен кездесуді армандап жүретін ұяң пианиношы Виталина Мәскеу драма театрының бас директоры болып бір-ақ көтеріледі. Виталинаның айтуынша, мұндай жас айырмашылығы ол үшін еш маңызды емес.

Ронни Вуд пен Салли Хамфрис (жас айырмашылығы - 31 жас)

The Rolling Stones тобының гитарашысы Ронни Вуд 2011 жылы өзінің қызымен жасты театр продюсері Саллиге үйленеді. Ол кезде ол 65, ал жас жары 34 жаста болған. Биыл Салли Вудқа егіз ұл сыйлады.

Андрей Кончаловский пен Юлия Высоцкая (жас айырмашылығы - 36 жас)

Андрей мен Юлияның сезімдері шынайы емес деп ешкім айта алмасы анық. Олар өз махаббаттарын талай мәрте дәлелдеп, талай қиындықтарды бірге жүріп өтті. 1998 жылдан бері қарым-қатынастары әлі де әлсіремеген жұп осыған дейін көптеген өсек-аяңның ортасында өмір сүріп келді. Олар үйленген кезде Андрей 61, ал Юля 25 жаста болған еді. Жас жұбайлар махаббат жасқа қарамайтынын дәлелдеп жүрген нағыз шынайы сезімге ие.

Вуди Аллен мен Сун-И Превин (жас айырмашылығы - 35 жас)

Әйгілі режиссер өзінің әйелі Мия Фэрроуді тастап, оның өгей қызына үйленді. 57 жастағы Аллен өзінен 35 жас кіші 22 жастағы қызға үйленді. Олардың махаббаттары әлі де баянды болып тұр.

Олег Табаков пен Марина Зудина (жас айырмашылығы - 30 жас)

Олег Табаков 51 жасында университет студенті Маринаны кезіктіріп, оған ғашық болып қалады. Бірнеше жылдан кейін олар қайта жолығып, көңіл жарастырады. Бүгінде олардың екі баласы бар.

Аль Пачино мен Люcила Сола (жас айырмашылығы  - 39 жас)

Өмірінде үйленіп көрмеген Аль Пачино 2015 жылы сүр бойдақтықты тастап, үйленетінін мәлімдеген. Оның таңдаған аруы - өзінен 39 жас кіші Люсила.

Алтынбек Қоразбаев пен Сандуғаш Стамғазиева (жас айырмашылығы - 30 жас)

Қазақ халқының әйгілі композиторы Алтынбек өзінен 30 жас кіші шәкірті Сандуғашқа үйленеді. Ел арасында Сандуғаш Алтынбектің екінші жары деген сөз бар. Бүгінде Сандуғаш аяулы жар, үлгілі отанасына айналған.

Бари Алибасов пен Виктория Максимова (жас айырмашылығы  — 40 жас)

Танымал продюсер өзінің алтыншы әйелі ретінде 25 жастағы қызды таңдапты. Бірақ Баридің бұл таңдауына оның ұлы қарсы болып, 25 жастағы келіншекті "арсыз" деп атады. Қазір келіншек Бариға ұл тауып берді.

Роберто Кавалли мен Лина Нильсон (жас айырмашылығы - 47 жас)

Бірнеше жыл бұрын әйгілі дизайнер 28 жыл бірге өмір сүрген әйелімен ажырасып, Лина Нельсонға үйленеді. Ол 75-те, ал әйелі 28 жаста.

Виктор мен Екатерина Ерофеевтер (жас айырмашылығы - 40 жас)

2010 жылы 63 жастағы жазушы 1987 жылы туған Екатерина Трофименкоға үйленеді. Жазушының шығармашылығына қатты қызыққан жас қыз, кітап баспасында оның хатшысы болып жұмыс жасаған екен.

Владимир мен Светлана Шаинскийлер (жас айырмашылығы - 41 жас)

Бүгінде жасы 90-ға келген қарт Шаинский 58 жасында 17-жасар бойжеткен Светланаға ғашық болады. Ол сол жылы Светланаға үйленеді. Бүгінде отбасы екі бала тәрбиелеп, өсіріп шығарды. Олар әлі күнге дейін бірге.

Дереккөз: funbear.tv

Тағы да оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетовтің қыздары туралы не білеміз? (фото)

Күйеулері тоқал алып кетпеу үшін қазақ келіншектері не істеу керек?

Атышулы блогер Әсел Баяндарова тағы да шешініп, мінсіз мүсінін көрсетті (фото)

Валерий Меладзе әйелінің қазақ екенін мойындады (фото)

Домбыраның құлағында ойнаған жапон азаматы жұртты сүйсіндірді

Бір топ музыканттар ақшаға тойынған асабаларға қарсы шықты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1274618-zhas-qyzdarmen-konhil-zharastyrghan-qart/

pixel