Аяғы ауыр Аша Матай күйеуін қатты қызғанып жүр (фото)
Опубликовано:
Танымал әнші Аша Матай өзінің жары Арман Қоңырбаевты қызғанатынын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы әнші Астана арнасының "Қош келдіңіз" бағдарламасында айтты.
Әншінің айтуынша, жұбайлар арасындағы қызғаныш сезімі Ашада басымдау екен. Ол Арманды қатты қызғанатынын жасырмай айтты.
Жұлдыздар арасындағы көрікті жігіттердің бірі саналатын Арман Ашаның бұл қызғанышына түсінікпен қарайтын секілді.
Себебі, Аша қазір Арманға перзент сыйлауға дайындалып жүр. Жас жұбайлар ерекше сәтінен естелік ретінде фототүсірілім де жасап, желі қолданушыларын тәнті еткен болатын.
Сондай-ақ, Аша болашақ сәбиіне бесік дайындап, бұл қуанышын оқырмандарымен бөлісті.
Дегенмен, Аша жүктілік кезеңнің оған оңай тимегенін де желі парақшасында тілге тиек еткен болатын. Тыңдармандары әншінің осы кезде түскен суреттеріне қарап, оның аяғының ісініп тұрғанына алаңдаған еді.
Тағы да оқыңыздар:
Трамп пен Клинтонның бірге ән шырқағаны желіні жарды (видео)
Алматылық тұрғын үш жасар ұлымен бірге көлік апатынан қайтыс болды
Достасқан Путин мен Ердоған енді екі елдің арасында газ құбырын тартпақ
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1282049-ayaghy-auyr-asha-matay-kuyeuin-qatty-qyzgh/