Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ninety one тобының шетелдік тыңдармандары қазақ тіліне қатты қызығуда (видео)

Опубликовано:

Ninety one (91) тобының танымалдылығы күн санап артуда. Мақтау мен даттауды қатар естіп жүрген атышулы топтың шетелде тыңдармандары баршылық деп жазады qamshy.kz.

Олар топ жайлы, топтың шығармашылығы туралы ғаламтор бетінде жарысып жазуда. Ютубтың Neide1Guerreiro деп аталатын каналында португалиялық қыздар жігіттердің бейнебаянын көргеннен бастап Ninety one-ның жанкүйерлеріне айналғандары туралы айтады.

Қазақстандық топты ұнатқан қыздар қазақ тілінің құлаққа жағымды екенін атап өтті. Біздің жігіттердің жүріс-тұрысы, бет-бейнесі де шетелдік тыңдарманның назарынан қалыс қалмады. Қазақтарды кәріске қатты ұқсатқан қыздар мемлекеттік тілге келгенде шатасты.

Орысша пікірлердің көбірек жазылатындығын байқаған олар елдің мемлекеттік тілі орыс тілі деп ойлап қалыпты. "Қазақстаннның Ninety one тобының әншілері кәрістің "Big Bang" тобын қайталап жүр. Мұны толыққанды плагиат деуге болады" дейтін шетелдіктер де жоқ емес. Дегенмен, топ жайлы жағымды пікір өте көп.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 10-шы баласын дүниеге әкелген әйел аядай бөлмені жалдап тұрып жатыр (фото)

Шымкент тұрғындары қалада орыс мектептерінің азайып кеткеніне алаңдап отыр

Қазақ қыздарының басым бөлігі некеге дейін төсектес болатынын мойындаған

Храпуновтың қызы Қазақстаннан жымқырған ақшасын Трамптың жобаларына салған

Терроризммен айыпталғандарды бөлек түрмеге отырғызу керек пе?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1290126-ninety-one-tobynynh-sheteldik-tynhdarmandary-qaz/