Меруерт Түсіпбаева сәнгер Жадоның талғамсыздығын бетіне басты (фото)
Опубликовано:
Отандық шоу-бизнесте тағы да бір жанжал шықты. Бұл жолы Меруерт Түсіпбаева отандық сәнгер Жадоның кәсібилігіне күмән келтірді деп хабарлайды NUR.KZ.
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында өзінің киім киісіне қатысты сын айтқан сәнгер Жадоның кәсібилігіне күмән келтіріп, оның талғамсыздығын бетіне басты. Оның айтуынша, оның өзі үйлеспейтін киімдер киіп, сәнгер деген атқа сай болмай тұр. Дәлел ретінде ол Жадоның суретін салып, ел назарын оның киіміне аудартты. Ол Жадоға ескерту жасап, оның 10 жылдық біліміне қатысты ескерту жасады.
"Ал тюрбан дегендi, етегi бар киiммен кию керек, Жадо! "Джинсымен" емес, тор көз көйлекке мынау ала орамал сәйкес келмейдi! Кейде миыңды жұмыс істету керек қой. Түсінемін, 10 жылдық орта біліммен алысқа бара алмайсың ғой. Бізге, Жүргенов академиясына түссеңші. Ондағы Кәмилә Асхатқызы үйретіп, эстетикалық талғам дегенді бойыңа сіңіреді. Семipiп, әлiңдi бiлмей, әлек болғанша, сауатыңды аш! Ешқашан кеш емес! Оқы, оқы және оқы", - деп ақыл-кеңесін үйіп төкті әнші.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева "Ел аузында" бағдарламасында өзін талғамсыз деп атаған отандық дизайнерлерге жауап берген еді. Аида Кауменованың 100 мың тұратын алқасы екі рет таққан соң желімінен ажырап кеткенін айтқан ол, оны сапасыз дүние жасайды деп айыптаған.
"Ит жоқ болса, шошқа үреді", - деді ол Жадо жайында.
Тағы да оқыңыздар:
Алматыда белгісіз біреулер банкке шабуыл жасап, күзетшінің қаруын тартып алды
Жанат Бақыт: Ене келінін қызындай көреді деген сөз шындыққа жатпайды
Ақтөбеде 12 жасар қыз оныншы қабаттан секіріп кетті (фото)
Қытай студенті қазақ әндеріне тәнті болып, қазақ тілін үйренуге кіріскен (видео)
Мақпал Исабекова күздің суығына қарамай тағы жалаңаштанды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1294654-meruert-tusipbaeva-zhadonynh-talghamsy/