Төреғали мен Фарида Жолдасованың арасында не бар?
Опубликовано:
Лұқпан Жолдасов өзінің қызы Фарида мен танымал әнші Төреғали Төреәлінің дуэтіне қатысты бірқатар күмәнді сауалдардың басын ашты деп хабарлайды NUR.KZ.
Сазгер Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында осы дуэтке қатысты пікірін қосты.
Соңғы кездері үнемі ел аузында жүретін Төреғали Төреәлі Еркемен бірге дуэт айтуын қойып, Фарида Жолдасовамен жаңа әндер жазып тастады. Олар бүгінде бірге ел аралап, Қарағандының Теміртау қаласында гастрольдік сапармен жүр. Бұл көптеген желі қолданушылары үшін күмәнді болып көрінді. Олардың көбі Фарида мен Төреғалидің арасында не барын білмей дал болды. Тіпті оларды өмірде де бірге көргісі келгендер табылды.
"Екеуі әдемі жұп", "Екеуі үйленсе екен, иә? Әдемі жұп болар еді, шіркін", - деген пікірлер де айтылды.
Осының бәрін ескерген Лұқпан Жолдасов бұған қатысты ойын білдіріп, қызы Фарида мен Еркені салыстырғандарға өз пікірін білдірді.
"Қыдырып қайтайық" әнін Фаридаға ағылшынша айтқызбақшы болғанбыз. Ойламаған жерден Төреғали осы әнді айтуға өтініш тастады. Содан айтып көріңдер дедік. Қазір енді ән жаман шыққан жоқ сияқты. Қайдан білейін, халық береді ғой бағасын", - деді Лұқпан Жолдасов.
Оның айтуынша, дуэт жазу барысында ешқандай басқа ой болған жоқ. Себебі, Еркенің өз жолы, Фариданың өз жолы бар екенін жеткізді сазгер.
"Фарида баяғыда, 5 жасынан танылған Фарида ғой", - деді ол.
Тағы да оқыңыздар:
Ақмола облысының бұрынғы әкімі өмірден озды
Әйелінің аяғын сындырып, жағын айыра жаздаған еркекке қандай жаза керек? (фото)
Украина елде қалған «Лениннің соңғы» ескерткішін қиратып тастады
Өскеменде жоғалған сырқат жігіт төрт айдан бері табылмай жатыр (фото)
Павлодарлық әйел күйеуінен өш алу үшін өз қызын аяусыз соққыға жыққан (видео)
Екі қолсыз туған балақайдың өмірге деген талпынысы жұрттың жүрегін елжіретті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1296202-toreghali-men-farida-zholdasovanynh-ara/