Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржамал Үсенбаева алпысқа жақындаса да, жас көрінуінің құпиясын ашты

Опубликовано:

Танымал опера әншісі Нұржамал Үсенбаева алпысқа жақындаса да неге әлі күнге дейін мінсіз сұлу? Оның қандай да бір құпиясы бар ма?

Опера әншісі "Замана" басылымына берген сұхбатында бұл құпияларын елге айтып берді.

"Мен өсек-аяңға, өнер адамдарының арасындағы сыпсың сөздерге еш уақытта мән берген емеспін. Ол үшін уақытымды да, жүйкемді де аяймын. Көп ашуланбаймын. Айналамдағы адамдардың бітім-болмысы қандай, оларды сол күйінде қабылдаймын. Жас көрінуім­нің басты себебі – осы.

Ал екіншіден, Төлеген екеуміз таза ауада, тау бөктерінде серуендегенді, бассейнге барғанды ұнатамыз. Өзге әншілер секілді жарытып диета да ұстамаймын. Тәбетім тартса, алдымда тұрғанның бәрін жей беремін. Бірақ жиі гимнастикалық жаттығулар жасап тұрамын. Сондай-ақ косметологтар мен массажистердің көмегіне жүгінетін кездерім болады.

Денсаулықты күту үшін біреуге жамандық ойлауға, теріс эмоциялар шығаруға болмайды. Үнемі жақсы ойда болу, қуанышты жүру әсіресе әйелдерді әдемі көрсетеді және жасартады.

Жалпы, әр адам өзінің арманына ұмтылғаны жөн. Ол үшін, әлбетте, тек еңбектену керек. Өзіңе сенуің, өмірді сүюің қажет. Арманыңа жетелер жол – ең қызықты әрі қиын жол. Бас­тысы, сол жолдан таймауға тиіссің", - деді әнші.

Тағы да оқыңыздар:

Бердібек Сапарбаев кімнен ақыл сұрап, айлығын қайда жұмсайтынын айтып берді

Қолынан тәспісін тастамайтын Жансейіт Түймебаев жұрт назарына ілікті (фото)

Әсет Исекешев ай сайын миллион теңгеге жуық жалақы алатын болып шықты

Өзбекстан әнұранының авторы АҚШ-та комаға түсіп, қайтыс болды

Алдағы уақытта ОҚО тұрғындарының саны бес млн-нан асып кетуі мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1308636-nurzhamal-usenbaeva-alpysqa-zhaqyndas/