Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмаханның бөлмесін гүлмен көмкеріп тастайтын жігіт кім?

Опубликовано:

Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің жеке өмірі туралы сөз қозғап, өзінің бөлмесін үнемі гүлмен көмкеріп тастайтын жігіт туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол "Хабар" арнасының "Компромат" бағдарламасында айтып берді.

Ерке Есмаханның бірінші некесі сәтсіз болғанын жұрттың барлығы да біледі. Сондықтан оның жеке өміріне деген қызығушылық күннен күнге артып келе жатқандай. Мүсіні мінсіз Ерке Есмаханға әлеуметтік желіде де сөз айтып, көңіл білдіріп жатқандар аз емес. Еркенің айтуынша, ондай жігіттер шынайы өмірде де жетіп артылады. Оған көбінесе кәсіпкерлер, қалталы азаматтар, спортшылар мен футболшылар көп сөз айтып жатады екен.

Бағдарламада Ерке Есмаханға желіде үнемі бөлмесін гүлмен көмкеріп тастайтын кім деген сұрақ қойылды. Бұл сұраққа жауап берген Ерке ол адамның сүйіктісі емес екенін айтты. Оның айтуынша, қай қалаға бармасын, бөлмесін гүлдеп тастайын жігітті Ерке жақсы таниды.

"Сол арқылы көңілін білдіргісі келетін шығар", - деген әнші ол жігіттің кім екенін айта қоймады.

Десек те, ол өмірінің тіреуі болатын, өмірлік серігім болатын азаматын әлі кездестіре қоймағанын айтты.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі ер адамдар жалақысын әйеліне сеніп тапсырудан қорқатын болып шықты

Қостанайдың ең сұлу аруы кім? (фото)

Қазақстандық футболшы "Алматы аруына" үйленді (фото)

Қыз-жігіттер жұрттың көзінше неге шешінді, Төлешовтің меншігіндегі зауыт кімнің қолына өтіп кетті?

Аша Матай қызына екі кіндік шеше таңдап, жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1315382-erke-esmakhannynh-bolmesin-gulmen-komk/