Журналистермен кездесуге кешігіп келген Төреғали ұятқа қалды (фото)
Опубликовано:
Танымал әнші Төреғали Төреәлі журналистермен кездесуге 40 минутқа кешігіп келіп, ұятқа қалды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Бүгін Алматыдағы "Алматы Арена" кешенінде "Жыл таңдауы-2016" үздік әндер байқауы өтпек. Онда еліміздегі ең үздік әндер анықталатын болады. Осы жылдың қорытындысы бойынша хит-парад көшін бастап тұрған 65 әнші қатысатын байқауға түріктің ең көрікті әншісі ретінде танымал Бурай мен қытайдағы қазақ әншісі Арай Айдархан да қатыспақ.
Үздік әндерді 50 адамнан құралған арнайы комиссия 200-ден астам әншінің ішінен іріктеп алған.
Айта кету керек, "Қазақстан" Ұлттық арнасы ұйымдастырып отырған баспасөз конференциясына Төреғали Төреәлі 40 минутқа кешігіп келіп, журналистерді күттіріп қойды. Кешігу қазақ халқына тән екенін айтып ақталған ол:
"Сабаққа кешігіп қалған бала құсап қуыстанып, ыңғайсызданып отырмын. Жүз пайыз қазақтың бір проценті өстіп кешігіп жүреді", - деп кешірім сұрады.
Сонымен бірге, ұйымдастырушылар аталған концертте көптеген тосынсыйлар болатынын да айтты.
Тағы оқыңыздар:
Ресей шенеуніктердің балаларына шетелде оқуына заңмен тыйым салмақшы
Ет жақынынан айырылғандар дастарханды неліктен жайнатып қояды?
Еліміздің басым бөлігінде тұман мен бұрқасын болады
Алматы облысында 70 жастағы 9 баланың анасы адам сенгісіз қиын жағдайда өмір сүруде (фото)
Шымкентте жойқын жарылыс болып, бір адам үйінді астында қалып қойды
Алматыда 32 жастағы әйел 15 жезөкшені күштеп, құлдықта ұстаған
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1318444-zhurnalistermen-kezdesuge-keshigip-ke/